Скачать книгу
Қазақстанның Ресейге қосылу уақытынан бастап нәр алады. Өте ұғынықты себептерге байланысты алдымен метрополия тарихшылары тырысып бақты. Олардың тарихи оқиғаларды бағалауы толығынан мемлекет идеологиясына тәуелді еді, ал «зюнгорецтерге» қарағанда «киргиз-кайсактар» империяның берілген бұратаналары еді. Кейін бұл баға мұрагерлікпен «Ресейдің сенімді қорғауында» секілді атаулары бар кеңестік монографияларда дамытылды. Әйтсе де, қазақтар жоңғар қаупіне байланысты Ресей империясының протекторатына кіруге мәжбүр болды деген ой осы кезге дейін кең тараған болса да, іс жүзінде еш сын көтермейді. Сібірде өзі шала орнаған патша билігі қанша қаласа да, қазақ хандарына салмақты көмектесе алмас еді. Ресей бодандығын қабылдағаннан кейінгі жоңғарлар және қытайлармен соғыстарда ешбір орыс солдаты қазақ жағында ұрысқа шыққан жоқ. Және қазақ хандары оған аса риза еместігін білдірген емес. Өйткені Ресейге қосылу мал өсіруші қазақтардың Ресей сауда рыногіне еркін шығу мұқтажынан туындаған еді. Өзге қазақ билеушілердікіндей Абулхаир хан саясаты бар болғаны экономиканың қордаланған көрінісі еді. Бұған көз жеткізу үшін Орынборға өте зор түрде мал апарудың сақталған деректерін қарасаңыз жеткілікті. Қазақстан тарихындағы жоңғар басқыншылығы жөніндегі миф Руське половцылардың басқыншылығы жөніндегі мифпен ұқсас. Қанша ғалымдар бұл концепцияны шынайы сынға алды, бірақ ол мызғымас күйінде әлі тұр. Ресми Ресей ғылымы венгрлер мен поляктар кіргенде, половец хандарының Киевті қорғағаны жөнінде, селжүк пен монголдар половецтерге шабуыл жасағанда орыс княздарының оларға көмекке келгені жөнінде жақсы біледі. Сонымен бірге, ол қыпшақ пен орыс арасындағы қақтығыстардың Киев, Чернигов немесе Рязань княздары арасындағы өткен өзара қақтығыстардан гөрі өте аз болғанын да біледі, әйтсе де, соған қарамастан тарихи ақталмаған шешімдерден бас тарта алмайды».
Автордың қазақ мемлекетінің құрылуына көзқарастары да Р. Темирғалиевтың «Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі мәселеге байланысты» мақаласындағы тезистеріне жақын, егер оның үзілді-кесілді стилін және кейбір ауытқуларын есептемегенде (www.zonakz.net/articles/19246):
«Іс жүзінде барлық еңбектер, оның ішінде таза ғылыми де бар, ғылыми көпшілікке арналғаны да бар, бізге мынаны айтады: XV ғ. бірінші жартысында Дешті Қыпшақтың шығыс жағында «көшпелі өзбектердің мемлекеті» деп аталатын мемлекет болған. Оның негізін 1428 жылы шейбанид хан Абулхаир қалаған (Шибан Жошының ұлы, Шыңғысхан немересі). Жеңісі мол бірнеше соғыстардан кейін қазіргі Қазақстан территориясының көп бөлігіне ие болды. Алайда, 1457 жыл шамасында ойраттармен соғыста бұл хан ойсырай жеңілді. Бұл жағдайды Абулхаир қол астындағы Керей мен Жәнібек сұлтандар пайдаланып, өзіне берілген бір топпен көрші Моголистанға көшіп кеткен. Қашқындарды кейін тұрақты түрде «өзбек-қазақтар» деп атаған. «Казак» атауымен ол кезде Алтын Орда қирандысында пайда болған ұлыстарға кірмейтін далалық еркін топты атаған.
Скачать книгу