ТОП просматриваемых книг сайта:
Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Читать онлайн.Название Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер
Год выпуска 2014
isbn 978-601-80330-0-1
Автор произведения Канат Нуров
Издательство Фонд "Аспандау"
1) Ханның мұрагерлік иелігіндегі ұлыстың негізі – «мемлекетті құраған халық», ел болған, яғни көшпелі тайпалардың, рулардың және қазақтардың одағы және олар кетсе, ұлыс жоқ болған, жойылған деп саналған;
2) ұлыстың өз бақылауындағы территориясы «жұрт», «йурт» деп аталған;
3) жәй ұлыс 60 мың адамнан тұрған, ал ұлыстардың бірлігі ретіндегі дербестенгені – 300-ден 400 мың адамға дейін және де ХVI ғ. Қазақстанда 3 дербестенген ұлыстың ішінде 20 шақтыға дейін жәй ұлыс болған, яғни «жоғарғы биліктің бірлігіне басқару билігі сәйкес болмаған»;
4) үш жүз XVI ғ. аяғына дейін пайда болған және алғашқыда оларды билер басқарған, содан бері олар үш дербестенген ұлыспен бірге тірлік еткен, ал XVII ғ. ұлыстардың орнын өздері толығынан алып алған;
5) XVII ғ. 20-шы жылдарында төрелер билерді ығыстырып, жүздерді өздері басқарып кеткен, ал оларға тек ру-тайпалық билікті қалдырған, содан кейін ұлыстар ешқашан қайта пайда болмаған (сонда, 384–387 б).
Осы қорытындылаушы нұсқаулардан кейін біз Ақ Орданы Жүз Орда деп атағаннан кейін жүздердің әрқашанда болғанын, бірақ ұлыс хандарының саяси экспансиясы үшін шексіз этнотерриториалдық кеңістіктер болғандықтан, жүздер өздеріне территорияны қатаң бекіте алмаған, өйткені көшіп қону бағыттары тұрақтанбаған