Скачать книгу

түрлі тойларында, тіпті ас бергенде де, осындай эротикалық ойындар болған.

      Демек, мұнда да түсініксіз ұқсастық жалғасып отыр. Бірақ егер ғұндар мен түрктер арасындағы барлық осы ұқсастықтарды түсіндіру үшін Кавказ аумағы және IV–VI ғғ. Солтүстік Кавказдың түркітілдес этникалық топтары (ішінде Дағыстан ғұндары да бар) ғұн, болгар тайпаларының негізгі көпшілігімен ажырамас болса, (оқулық осылай түсіндіреді) және теле тайпалар одағының батыс бөлігімен тығыз байланыста болса, (ал олардың негізінде Орталық Азияда V–VI ғғ. көшпелі гуздардың («тогуз – огуз») және монголдан бұрын басымдық еткен ежелгі ұйғырлардың («он уйгур»)жаңа тайпалық одақтары қалыптасқан), онда біздің басмыл теленің қазақ арғындарымен бір дегеніміздің дұрыс болуға біраз мүмкіндігі бар сияқты (сонда, 144 б.).Өйткені қазақтардың басты этнос құраушы субстраты ретінде олардың бірде жоғалып, бірде қайта шығуы беймүмкін еді. Осы қытай мен маңғұл арбалы деген гаогюй телеуттері өз-өздерін (огур) оғыз деген және тілі жағынан да, өмір дағдысы жағынан да түркілерден айнымайтын, өздері көп болса да, VI ғасырға дейін бірікпеген, кейін оларды көшпелі ұйғырлар басқарып кеткен (сонда, 78 б.). Егер түркі аңызы бойынша, «теле Чжучже өзеніне қоныстанған Ашинаның туысы» (80 б.) дегенді ескерсек және Ашина мен Алаш(а) арасындағы этимологиялық және семантикалық байланысты қабылдасақ, сонымен бірге, Шәкәрімнің шежіресі бойынша, оғыз басмылдардың, немесе бай-егудың бірінші қарақытай хандарының кезеңінде наймандарға билік еткенін еске алсақ, онда Гумилев пен Шәкәрімнің арғындарды көне ұйғыр оғыздардан шығаратыны көңілге қонымды. Тағы бір қызық нәрсе, арабтар қазақ даласын қыпшақтікі деп атаудан бұрын оны оғыздікі (Мазафат ал-гуз) деген екен. Бұл дәйектен басқа, гуздарда да, арғындарда да «қазақ арбалары» болса, әлеуметтік институт ретіндегі қазақылық та болған. Олардың монголтүсті және түркітілдес болғаны жоғарыда салмақты расталған. Тек қана ғұндар емес, сонымен бірге, түпкі ежелгі монголдар да (дарлекиндер, турлигиндер) Сыртқы Монголияда түркітілдес болған, олардың ішінде Ішкі Монголияның татарлары да бар. Гардизи (XI ғ.) сақтаған аңыз бойынша, қазақ этногенезіне қыпшақтардан да зор ықпал еткен кимак тайпалар одағының шығу тегі ежелгі монгол татарларының белгілі аумағына байланысты, ал олардың түркітілдес екенін Махмуд Кашгари ХI ғ. өзінде нақты анықтаған (108 б.). Демек, түркілер тайпалық одағына кірген және Ішкі Монголия территориясында гаогюй арбалылары болған теле, тегрек, басмыл аталған оғыздардың түркітілдес екені еш күмән тудырмайды. Егер осыны ескерсек, ол кезде, тіпті, монгол тілді ежелгі монгол нирундар (кияттар, джаджирадтар, сулдуздар және т.т.) таза түркі тілінде сөйлемесе де, алтай тайпаларының барлық ежелгі түркімонгол тіл қауымдастығына тән түркі-монгол тілінде сөйлеген. Соңғы ұғымдарда зерделеніп отырған оқулықтың ерекше маңызды қасиеті жасырынғандай. Демек, Қазақстан территориясында бұрын оғыз, кимак, қыпшақ одақтарына кірген жергілікті тайпалар ежелгі монголдарды

Скачать книгу