ТОП просматриваемых книг сайта:
Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
Читать онлайн.Название Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер
Год выпуска 2014
isbn 978-601-80330-0-1
Автор произведения Канат Нуров
Издательство Фонд "Аспандау"
Ежелгі түркі көшпенділерге неге әскери демократиялық құрылымның керек болғанының бұдан түсініктірек себебі де белгілі: оларды ғұн замандарынан бері отырықшы шығыс халықтарымен ерікті саудаға жібермеген, ал көшпенділер отырықшылардың тауарларына өте мұқтаж болған. Махмуд Кашгари айтуынша, ежелгі түркілер казақтарды «кулсыг ер» деп атаған, «яғни, құлға ұқсас», демек, өзіне керек байлықты ру-тайпалық ақсүйектерге нөкер қызметін жасап табатын кедейленген еркін ер. Бірақ әлгі атақты «атлыгтардың» мықтылығы да әл тәуелді болса да, тәуелсіз еркін ерлерге байланысты еді. Елді солар ұстап, ел арқылы кара бодун, немесе қосылған ру-тайпалардың қарапайым халқын басқарған (сонда, 131–137 б.).
Ең қызығы, осы еркін қара халықтың арасында еркі жоқ құлдар қатпары болған, олардың еркегі құл аталса, әйелі күң аталған. Әдетте, оларды осылай атап, өзге тілдерге осылай аударады да. Іс жүзінде олар кезінде тұтқынға алынған және өздерінің иелерімен көшіп қонуға міндетті болған, бірақ оларды батыстағыдай қоғамдық жұмыстарда, немесе шығыстағыдай үй жұмысында еңбегіне ақша төленбейтін тәуелді құлдар ретінде қолданды деп айту қиын. Олар алғашқыда шынымен де еңбегі қатаң, тәртібі жоқ көшпенділер үй шаруашылығында пайдаланылған құлдар болса, кейінірек үлкен көшпелі отбасының мүшесіндей болып, олардан көшіп кетуге хұқығы болмаған. Олар далалық емес үйреншікті ұғымдағы құлдардан гөрі белгілі ақсүйек руға, немесе адамға мәңгі қызмет етуді қалаған ежелгі монголдардың «унаган баголына» ұқсайтын. Осыны растау мақсатында Х ғ. аяғы – ХI ғ. басында жазған араб авторы Ибн Факихтың «құлдыққа түсіп, сосын өзінің жаңа иелерімен өз тайпасына қайта оралғандарға бұрынғы орны қайтарылмаған», өйткені «түркілердің белгілі бір топтары өз тайпасынан кетіп, өзге тайпаға көшеді (сонда, 138 б). Сөйтіп, Ұлы дала жағдайында барлық көшпенділер багол мен құл болудың орнына, көшіп кетіп, тағдырмен тәйкілескен казак болуға мүмкіндік алған. Мысалы, VIII ғ. ортасындағы көне ұйғырдың Онгин тас жазуында Білге қаған мынандай өсиет айтады: «Егер сен, түркі халқы, өзіңнің қағаныңнан, өзіңнің бектеріңнен, өзіңнің отаныңнан бөлінбесең… сен өзің де бақытты боласың» (151 б.). Бір қырғыз бегі де өзінің эпитафиясында оны қайталағандай: «Қара халық, еңбекқор бол! Ел орнатқан заңды бұзба!» (132 б.). Қарапайым халық пен құлдардың көшіп кету идеясы ру-тайпалық ақсүйектер мен қағандарды жаман қорқытқан және қазақылық идеясынан қорыққасын, олар халқын жемдеп отырған, яғни, олжа түсіру мен оны тарату және қорғау жағын ұйымдастырған. Бугут тас жазуының сақталған бөліктерінде түркі еліне осылай қызмет ету формуласы үш рет қайталанған: Мұған қаған жөнінде, Білге қаған жөнінде және Элетмиш қаған жөнінде (134 б.). Өйткені, ежелгі түркілер кейінгі көшпелі қазақтар сияқты байларды («байбар») сыйлаған, «кедейлік аяныш сезімін тудырмаған, оны айтасыз, тіпті,