ТОП просматриваемых книг сайта:
Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32. Коллектив авторов
Читать онлайн.Название Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0466-3
Автор произведения Коллектив авторов
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Әл-Фарабидің дүниеге көзқарасы – социология, этика, эстетика проблемаларын бірге қамтитын іргелі жүйе. «Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактатында әл-Фараби өз заманында си- рек кездесетін пікірлер айтады, тіршілік пен ой-пікірдің тарихи негіздерін қайта құру тұрғысынан алғанда аса маңызды қағидалар ұсынады; мұнда адам қоғамының тегі туралы, мемлекеттік құрылыс туралы, қоғамдық тіршіліктің түрлі формалары, адамның этикалық және басқа мінез-құлық ережелері туралы баяндалады. Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси көзқарастары нақты фактілері жағынан Ибн Халдунның еңбектерінен кем түсіп жатқанымен, теориялық дәрежесі жағынан оған бастапқы үлгі бола алады. Әсіресе оның жер бетіндегі күллі адамзат қоғамының жиынтығы ретіндегі ұлы қоғамды суреттейтін гуманистік концепциясы та- маша.
Адам бойында туа біткен білім болмайды деуге гносеологиялық принципті дәйектілікпен қолдана отырып, әл-Фараби этикалық қасиеттер туа бітеді деген пікірді де бекерге шығарады. Бұл қасиеттер дағды мен тәрбие күші арқасында ғана осылай көрінеді. Адам парасатты күйінде тумайды, онда тек парасаттылық қабілеті ғана болады, дәл сол сияқты ол әуелден жауыз немесе бұзақы, хатшы немесе тоқымашы болып та тумайды. Жалпылама баяндауына қарамастан, әл-Фараби көрсеткен, мем- лекет қайраткеріне тән ақиқатты жарату, ізгілік, байсалды мінез, адамгершілік сипаттар қазіргі кезде де маңызы мен мағынасын жоғалтқан жоқ. Ол соғыс жағдайын сорақы нәрсе деп біледі, ша- мадан тыс аскетизмді айыптайды. Бір айта кетерлік нәрсе, Ибн Синаны әл-Фарабиден артықша дәріптеу дәстүрін берік ұстанған. Г. Лейдің өзі социология саласында негізгі қағидаларды ұсынған әл-Фараби деп санайды8.
Әл-Фарабидің
8
Лей Г. Орта ғасыр материализмі тарихының очеркі. М., 1962.