Скачать книгу

өзінше шешеді (яғни, шынын айтқанда, елеусіз қалдырады), ол: дүние өзінің мәні жағынан, құдайдың жасампаздық әрекетіне байланыстылығы жағынан екінші, бірақ уақыт жағынан олай емес дейді. Аристотельді толық қостай отырып, ол қозғалысты мүмкіндіктің шындыққа айналғанын көрсететін мәңгілік нәрсе, бірақ жасанды емес деп санайды. Қозғалыс сияқты, уақыт та мәңгілік нәрсе деп білетін әл-Фараби уақытты анықтауда Аристотельден алшақ кетеді, ол уақытты қозғалыстың сипаттамасы деп бағалайды.

      Аристотельдің мүмкіндік пен шындық жайындағы ілімі әл-Фараби үшін дүниенің бас-аяғы жоқ деген тезистің алғышарты болды, өйткені пайда болушылықтың қандайы болса да (уақыт жағынан) мүмкіндіктің болуын керек етеді. Ибн Рошд (ал оның ізінше Маймонид те) әл-Фарабиге тәжім етіп, дүниенің бас-аяғы жоқ деген тезисті іле қостап әкетті де, шындығында пантеизм позициясына шықты. Дүниенің (ықтимал бар нәрсе ретінде ғана) өмір сүруі үшін құдайдың жаратымпаз күшінің қажет екенін түсіндіретін дәйектеме ретінде Авиценнаның оны ықтималы және қажеті бар нәрсе деп бөлуін сынай келіп, Аверроэс дүниенің бас-аяғы жоқ екенін дәлелдеу үшін әл-Фарабидің қолданған әдісін әдептілікпен, ізетпен қабылдамайды.

* * *

      Әл-Фараби философиясының аса маңызды жетістіктерінің бірі – парасат жайындағы ілімге көшуден бұрын бұл ілімнің өріс алған тұғырын жалпылама қарап өтейік. Әрекетшіл парасат (Аристотельше бірінші қозғауыш, ойлаудың ойлауы) – болмыс сатысындағы басқыштардың бірі. Ең жоғарғы орында бірінші себеп Құдай, Алла-тағала тұрмақ. Нақ осы жерде әл-Фараби, барлық басқа философтар сияқты, ортодоксияға қосылмай, құдай бейнесінің орнына бейнесіз, дерексіз-абстрактылы күшті қолданады. Екінші тұлғалар – аспан денелері. Болмыстың үшінші басқышы – әрекетшіл парасат және соған сәйкес келетін «ай астындағы әлем», мұның төрт элементі бар. Болмыстың төртінші басқышы – адам жаны. Тек бесінші, ең төменгі басқышта фор- ма мен материя болады; ал мұның өзі дүниенің мәңгілік түзілісінің шырқын бұзады. Жоғарыда баяндалған космологияда пифагоршылдықтың, жаңа платоншылдықтың элементтері айқын сезіледі. Космология – әл-Фараби философиясының ең осал жағы, сонымен қатар мистикаға өте-мөте көбірек шалдыққан жағы. Бірақ Плотинның эманация жайындағы ілімінің өзгерген түрі болып табылатын осы космологияның шеңберінде ғана «ай астындағы әлем» туралы ілім дамиды да, мұнда материализм элементтері өте айқын көрінеді. Эманация теориясы, бір жағынан, үстемдік етуші діни идеологияға, жердегі мен аспандағының арасын ажырату, болмыстың төменгі басқышы ретіндегі материяны кемсіту дәстүріне сәйкес келетін-ді. Мұның орта ғасырда Шығыста да, Батыста да қабылданып, өріс алған себебі, міне, осы. Екінші жағынан, белгілі бір концепцияның сарыны мен мағынасы тарихи жағдайларға байланысты, сондықтан эманация теориясының «әммеге бірдей» құдайды пантеистік тұрғыдан баянды ету рухында және дүние жөніндегі эволюциялық көзқарастың өте аңғырт, шарана формасы рухында түсіндірілуі ықтимал еді.

      Пәрменді

Скачать книгу