Скачать книгу

іс, ғылыми прогресс жетістіктерінің практикалық аудармасына арналған мақалаларында еді. 1914 жылы Египетте аударма және басылым бойынша Комитет құрылды. 1915 жылы «әл-Мұқтатаф» жұмысы тоқтатылды. 1956 жылы қызмет пен ғылымның түрлі салаларында, оның ішінде жоғары білімді арабтандыру, химия, математика, физика, биология және т.б. бойынша әдебиеттер аудармасының бағдарламасымен айналысатын Жоғарғы ғылыми кеңес құрылды. Бұл жұмыстың нәтижесінде, яғни терминология үшін маңызды кітаптарды, ғылымдар бойынша оқулықтарды арабтандыру процесінде шет тілдердегі терминдер жиналып, олардың араб тіліндегі баламалары таңдалды. Египеттегі ғылыми аударма бойынша әл-Ахрам орталығы күні бүгінге дейін математика, химия, технология, медицина, ЭЕМ (электронды есептеу машинасы) және басқа бойынша кітаптар аудармасымен айналысады. Араб тілі академиясы 59-сессияда (1993 жылғы конференция) өз алдына ғылымдарды арабтандыру мен жаңа мамандандырылған сөздіктер шығарылымы бойынша ғылыми мекеме құру міндетін қойды. Өз жұмысын 1953 жылы бастаған аудармашылардың халықаралық одағы үш жылда бір терминология мәселелерін талқылап, туындаған мәселелерді шешу үшін конференция өткізеді. Мұндай конференциялардың бірі 1993 жылы Англияда өтті. Оған Египет, Сирия, Ливан, Иордания, Палестина, Ливия, Алжир, Тунис, Марокко, сонымен қатар Еуропа елдерінің аудармашылары қатысты.

      Мұхаммед Амер әт-Туниси, Наср әл-Хурини аударма бойынша еңбектерді зерттеп, жаңа араб ғылыми терминдерін құру мен олардың заманауи еуропалық терминдер арасындағы байланысын анықтауға айтарлықтай үлес қосты.

      Белгілі ғалым М.Ф. Хиджази араб терминдерінің тарихын екі аспектіде қарастырады:

      1. Араб мұрасы(التراث العربي) [at-Turaaśul-‘Arabi].

      2. Қазіргі кезең терминдері (المصطلحات في العصر الحديث) [al-Mustalahaatfiiil-‘Asril-Hadiiś].

      Араб мұрасы – бұл бүкіл әлем ғалымдарының назарын аударатын түрлі ғылымдар бойынша құнды ортағасырлық еңбектердің қазынасы. М.Ф. Хиджази араб ғылыми қауымдастығына бүгінгі күнге дейін аударылмаған араб мұрасының еңбектерін, Араб халифатының территориясында исламның таралған дәуірі – ғылым, мәдениет пен діннің гүлденген уақытында пайда болған грек, латын, парсы тілдеріндегі еңбектерді аударып, қолдануды ұсынды. Ғалымның пікірінше, Ибн Сина мен латын, испан тілдеріне аударылып, Кордова халифтары билік еткен Испания, Португалия жерлеріндегі басқа да ортағасырлық ғалымдардың еңбектерін ұмытпаған жөн [12, 29-б. ]. Екінші аспект – қазіргі заман терминдеріне келсек, олардың тарихы Францияның Египетті жаулап алуымен аяқталған Наполеон Бонапарттың Египетке жорығынан (1798-1801 жж.) басталады. XVIII-XIX ғасырлар көлемінде француз тілі ғылым мен мәдениеттің негізгі тілі болды. ХХ ғасырдың басында итальян тілі басым тілге айналды, ал кейіннен бүгінгі күнге дейін ағылшын тілі бұл рөлге ие болды. Араб және әлемнің басқа аймақтарында ақпараттық технологиялардың пайда болуымен америкалық ағылшын тілі компьютер және интернет тілі ретінде басым рөл қызметін атқарып келеді. Осылайша, М.Ф.

Скачать книгу