Скачать книгу

мұнай терминдері, Рабатта араб тіліндегі ғылыми символдар, Туниста медициналық терминді арабтандыру және бірегейлендіру, геологиялық терминдер, Амманда ақпараттандыру және жаһандану дәуіріндегі араб тілінің мәселелері бойынша және т.б. Араб әлемінде арабтандыру мен араб тілінің дамуында рөл ойнаған басқа да одақтар құрылған, олардың арасында Араб университеттерінің одағы (1960), Ғылыми зерттеулер кеңесінің одағы (1975) бар.

      Сонымен, Араб Шығысы елдерінде терминдер дамуы тарихындағы негізгі кезеңдер Аббас кезеңі, Мұхаммед Әли билігі, тәуелсіздік алу және қазіргі кезең болды, ал терминдер толықтырылуының негізгі ресурстары конференциялар, семинарлар өткізу, терминологиялық пән оқыту, одақтар, академиялар жұмысы және жарияланған еңбектерді журналдар, мақалалар мен сөздіктер түрінде тарату болды.

Сұрақтар:

      1. Тәуелсіздік алғаннан кейін терминологияны дамытудағы алғашқы үрдіс пен нәтижелерді атаңыз.

      2. Машриқ пен Мағриб елдеріндегі терминология және тілдік жағдайды түсіндіріңіз.

      3. Алжир мен Египеттегі терминологияның дамуына салыстырмалы талдау жасаңыз.

      4. Араб тілі академияларының терминологияны дамытудағы орнын көрсетіңіз.

      5. Жас Араб тілі академияларының қызметі мен жетістіктеріне тоқталыңыз.

      4-дәріс

      Терминологиядағы лексика-семантикалық құбылыстар

      Терминге кіріспе мәселесіне, соның ішінде терминдер мен олардың түсініктерінің сәйкестену мәселесіне қазіргі терминтанушылар да жүгінеді. Терминге кіріспенің лексика-семантикалық аспектілері полисемия мен омонимия шеңберінде қаралатын бірнеше түсініктерді білдіруге бір терминнің (белгі) және синонимия шеңберінде қаралатын бір түсінікті білдіруге бірнеше терминнің қолданылу мәселелерін қарастырады. Лексика-семантикалық үрдістердің, дәлірек айтқанда терминологиядағы, оның ішінде араб терминологиясындағы полисемия, омонимия, синонимияға жол берілу не берілмеу мәселесі бойынша пікірталас бар. Бүкіл әлемдегі түрлі терминологиялық мектептердің терминтанушылары бүгінгі күнге дейін бұл мәселе жөнінде бір тоқтамға келмеді, ал бұл олардың арасында терминологияда көпмағыналық, омонимдік, синонимдікке қатысты түрлі топтардың құрылуына әкелді.

      Терминтанушы В.П. Даниленко терминологиядағы лексика-семантикалық процестердің функционалдануын қарастыра келе, екі тұжырымға тоқтады: «Бір жағынан, белгі-терминнің табиғатының өзі атайтын мен аталатынның және білдіретіннің бірмағыналық арақатынаста оны полисемия дамуының кез келген алғышартынан немесе синонимдік қатарда қолданылуынан айырады. Екінші жағынан, терминдер жиі жаратылысынан «табиғи» тілдің сөздері болып, жалпы қолданбалы тіл лексикасы тап болатын барлық лексика-семантикалық процестердің ықпалын сезінеді» [16, 65-б. ]. В.П. Даниленко терминологиядағы терминнің бірмағыналығы жайлы оған қойылатын талаптардың бірі ретінде айтқанда, оны лексика-семантикалық құбылыстардың барлық түрі тән тілдің шеңберінде

Скачать книгу