ТОП просматриваемых книг сайта:
Араб тілінің терминологиясы. Анар Мустафаева
Читать онлайн.Название Араб тілінің терминологиясы
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2223-0
Автор произведения Анар Мустафаева
Жанр Языкознание
Издательство КазНУ
Терминге нақты анықтама беру үшін оның тек дефинициясын емес, сонымен қатар оған қойылатын талаптары мен ерекшеліктерін де ескеруіміз керек.
Көптеген терминтанушы зерттеушілердің еңбектерінде кездесетін терминнің бірқатар сипаттамаларын қарастырайық:
– арнайылық (арнайы салаға тиісті болуы): термин арнайы тілдің бөлігі;
– дефинициясының болуы: термин затты атамайды, ұғымға дефиниция береді;
– жүйелілік: термин нақты бір термин жүйесіне тәуелді және онымен байланысты;
– үйлесімділік: термин формасы мен оның мазмұны арасындағы байланыс;
– эмоционалдықтан тыс болу және терминнің объективтілігі;
– мәнмәтінге (контекст) бейтараптылық: термин үшін өзі «өмір сүретін» терминологиялық сала маңызды;
– өзінің терминологиялық саласында бірмағыналығы және т.б.
Терминге қойылатын талаптары бар бірқатар жұмыстарды сараптау барысында С.В. Гриневтің классификациясы жақын болғанын анықтадық. Бұл классификация бойынша терминге қойылатын талаптар үшке бөлінеді: синтаксистік, семантикалық және прагматикалық. Олардың әрқайсысы белгілі бір аспектіге тиесілі:
а) терминнің формасына қойылатын талаптар (синтаксистік аспект):
1) тіл нормаларына сәйкестігі;
2) нақтылық: лексикалық, формалды нақтылық;
3) деривациялық қабілет;
4) терминдердің инварианттылығы және т.б.;
ә) терминнің мазмұнына қойылатын талаптар (семантикалық аспект):
1) термин жүйедегі терминнің бірмағыналығы;
2) толық мағыналық;
3) семантиканың қайшылықсыздығы;
4) синонимдердің болмауы;
б) терминді қолдану ерекшеліктеріне қолданылатын талаптар (прагматикалық аспект)
1) енуі (жалпы қабылдау және қолданылуы);
2) интернационализациялануы;
3) қазіргі заманға сәйкестігі;
4) дұрыс айтылуы [1, 34-40 б.].
Жоғары аталған және басқа да терминтанушы зерттеушілердің көзқарастарына сәйкес, арабтанушы Д.Р. Хайрутдиновтің берген анықтамасын ұсынамыз: «Термин – ғылыми білімнің минималды тасушы ретінде ғылыми мәтіндегі лексикалық бірлік (сөз немесе сөз тіркесі)» [11, 24-б.].
М.Ф. Хиджази (محمود فهمي حجازي) «الأسس اللغوية لعلم المصطلح» атты еңбегінде («Терминологияның лингвистикалық негіздері») [12] әртүрлі еуропалық тілдердегі «термин» сөзіне салыстырмалы талдау жүргізді. Ғалымның айтуына қарағанда, бірнеше тілдерде «термин» сөзінің жазылуы мен айтылуы ұқсас, мәселен, ағылшын тілінде – term, неміс тілінде – terminus немесе term, француз тілінде –