Скачать книгу

көрсетіледі); талап етушіге; ордерлік («жөнелтушінің бұйрығы бойынша» берілген немесе «алушының бұйрығы бойынша»). Коносаментте тасымалдаушыға тиесілі төлемдер, құжатты беру уақыты және орны, даналар, соның ішінде коносамент түпнұсқасының саны көрсетіледі. Коносаментте кеме капитаны немесе осыған өкілетті тасымалдаушы уәкілі қол қояды. Коносамент банкке немесе жүк алушыға сату-сатып алу келісімшарты бойынша есептеулер үшін жіберілетін құжаттар кешеніне кіреді.

      Көптеген кеме компаниялары пайдаланатын желілік коносаменттер ұқсас, және БИМКО жасап шығарған «Конлайнбил» желілік коносаментінің унификацияланған проформасының негізінде құрылған. Алайда, әрбір компания шарттарға өз тасымалдарының ерекшелігін көрсететін қосымшаларды енгізеді. Бас бетінде негізгі шарттық жағдайлар көрініс табады, ал артқы жағында – тасымалдардың жалпы шарттары орын алады.

      Тасымалдаушы жүкті әлі қабылдамаса немесе коносамент берілмесе, тараптар тасымалдау келісімшартын «букинг-нот» атауымен рәсімдей алады. Бұл келісімшарт, негізінен, жүктің ұсақ партияларын тасымалдау үшін тұрақты желілік кемелерде орындарды резервтеу барысында пайдаланылады. Букинг-нот нысанын БИМКО ұсынған. Соңғы жылдары халықаралық желілік тасымалдар тәжірибесінде коносаменттің орнына басқа көліктік құжат – теңіз жүкқұжаты кеңінен қолданыла бастады. Тауарға иелік етуші болып табылмайтын бұл құжат жүкті соңғы порттағы тапсыру процедурасын жеделдетеді.

      ♦ Трампылық кеме қатынасы (чартерлік тасымалдар)

      Желілік кеме қатынасына қарағанда, трампылық кеме қатынасындағы кемелер тұрақсыз негізде пайдаланылады. Олар бір бағытқа бекітілмейді, тоннажға сұраныс пен жүктердің ұсынысынабайланысты фрахтілік нарықтың бір секциясынан екіншісіне еркін орын ауыстырады. Сондықтан да, ол өз негізін ағылшындық «tramp» (қаңғыбас) сөзінен алды. Трампылық кеме қатынасындағы теңіз тасымалы келісімшарты (кемені фрахтілеу келісімшарты) теңіз тасымалдаушысы мен жүкті жөнелтуші немесе жүкті алушымен жасалады және чартер деп аталады. Көптеген жағдайларда бұл келісімшарт делдал арқылы немесе фрахтілік брокердің көмегімен жасалады.

      Кез келген чартерде кеме, жүк, фрахт, стивидорлық жұмыстарға төлем тәртібі, диспач, демереджге қатысты бірқатар міндетті шарттар болады. Чартерлік келісімшарттың негізгі талаптары болып келесі табылады: чартердің жасалған уақыты және орны; тараптардың толық заңи атаулары; кеменің атауы және сипаттамасы; бастапқы кемені басқасына айырбастау құқығы; жүк түрі; жүкті тиеу және түсіру орны; жүкті тиеу және түсіру шарттары; фрахтіні төлеу тәртібі; кемені беру мерзімі; басқа да шарттар.

      Сауда кеме қатынасы тәжірибесінде типтік келісім-шарттық тасымалдар – чартерлер проформасы жасалған. Чартерлік келісімшарттың рәсімделу үрдісі өте күрделі және ұзақ уақытты алады. Осы үрдісті жеделдету үшін теңіз тасымалы келісімшартының шарттары жазылған және талқыланған типографиялық дайын

Скачать книгу