ТОП просматриваемых книг сайта:
Халықаралық транспорт операциялары. М. Байгісиев
Читать онлайн.Название Халықаралық транспорт операциялары
Год выпуска 2016
isbn 978-601-04-0691-9
Автор произведения М. Байгісиев
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Негізгі жағдайларды белгілеген кезде қолданылытын «франко» термині «еркін» деген сөзден шыққан және ол сатып алушы тауардың белгілі бір жерге жеткізілім шығындарынан тәуелсіз екенін білдіреді. «Фрахт» және «алып өткізу төлемі» терминдері арасындағы басты айырмашылық, біріншісі – теңіз және әуе транспорттарына, ал екіншісі – жердегі транспортқа тиесілі. EXW (ex works) – франко-зауыт. Бұл жағдайда сатушы тауарды сатып алушының қарамағына дер кезінде және орнына, келісімшартта көрсетілгендей, сатып алушының өзі ұсынған транспорт арқылы тиісті орынға жеткізуі тиіс. Сатушы сатып алушыға жүк тиеу құралдарын беруге міндетті емес. Егер олай болған жағдайда, сатып алушы сол операция үшін шығындарды өзі көтереді. Кездейсоқ жоғалту тәуекелі, бүлдіру немесе тауардың опат болуы сатып алушыға тауар оның қарамағына өткеннен кейін сатушының қоймасында, егер де тауар тиісті жолмен жекеленгенде, яғни сатушының басқа өнімдерінен бөлінгенде және берілген келісімшарттың белгіленген объектісі ретінде көрсетілген жағдайда ауысады. Бұл жағдайда тауардың жеткізілімі әртүрлі транспорт түрлерін пайдалану және де олардың комбинацияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
FСА (free carrier) – франко-тасымалдаушы. Берілген базистік шарт экспорттық тауарларды, сонымен қоса экспорттық лицензияны және кедендік декларацияны, сатып алушы көрсеткен тасымалдаушыға ескертілген жерде табыс етілуін жоспарлайды. Ал, «тасымалдыушы» термині тасымалдау келісіміне қол қойған кез келген тұлғаны білдіреді. Тасымалдаушы ретінде жүк тасымалдауға жауапкершілік алған транспорттық-экспедиторлық фирма да бола алады. Базистік шарт бойынша тасымалдау тәсілін және тасымалдаушы фирманы сатып алушы таңдайды. Ол ескертілген шарттың тармағындағы тасымалдау шартын өз қаражатына жасауы міндетті және сатушыға тасымалдаушының атауын және тауардың берілу мерзімін көрсетуі тиіс. Сатушы тасымалдаушыға тауардың берілуін растау үшін сатып алушыға: коносамент (тауарға билік ету құжаты) немесе транспорттық жүкқұжат, тасымалдаушы қолхатын немесе транспорттық-экспедиторлық қолхатын тапсыруы тиіс. Егер келісімшартты орындау үшін сатушының көмегі керек болса, онда сатушы бұл қызметті сатып алушыға оның қаражаты есебінен көрсетуі мүмкін.
1-кесте
Тауардың кездейсоқ опат болу немесе бұзылу тәуекелі аталған жерде тасымалдаушыға берілген сәттен бастап сатып алушы билігіне өтеді. Жүк партияларын қалыптастыру шығындарын сатып алушы өзі төлейді: егер осы шығындарды тасымалдаушы экспедиторлық фирма шығаратын болса, олар тасымалдау ақысына кіреді; егер сатушы тасымалдаушыға берілгенге дейін оларды өзі атқарса, онда оларды тауар бағасына қосады немесе сатып алушы оларды жекелей өтейді. «Франко-тасымалдаушы» шарты барлық транспорттың