Скачать книгу

жерге жүктеу шығындарын сатып алушы өз мойнына алады. Кездейсоқ опат болу тәуекелі сатып алушыға тауарды жүктелетін орынға жеткізгеннен бастап өтеді. CFR шарты бойынша барлық экспорттық мәселелерді сатушы шешуі міндетті. CFR шарты теңіз және өзен транспортында ғана қолданылады.

      CIF (cost, insurance and freight) – құн, сақтандыру, фрахт. Бұл шарт та теңіз және өзен транспорттары арқылы тауар жеткізілгенде қолданылады. Осы шарт бойынша сатушы тауарды жүктеп, жөнелту орнына әкеліп, кемеге жүктеп беруге тиісті, сонымен қатар, сатып алушыға тауардың келу мерзімі мен толық коносоментті жіберуге міндетті. Сонымен қатар, сатушы тауарды сақтандыру қажет және сатып алушының атына жазылған сақтандыру полисін табыс етуі керек. CIF шарты бойынша тауарды жеткізген кезде сатып алушы тауар құнын, фрахт және сақтандыруқұнын төлеуге міндетті. Кездейсоқ опат болу тәуекелі сатып алушыға тауар белгіленген орынға жеткізілген кезден бастап өтеді. Берілген шарт бойынша сатып алушы сатып алушының тауарды минималды деңгейде сақтандыратынын есінде сақтауы тиіс.Сақтандыру сыйақысын сатушы төлейді, бірақ тауар сатып алушының тәуекеліне тасымалданады. Сондықтан, тәуекелдерден толықтай сақтану үшін, сатып алушы тауарды қоймадан қоймаға дейін сақтандыра алады, бірақ сол сақтандыруға байланысты барлық шығындарды сатып алушы өз мойнына алады. Егер, барлық тәуекелдер белгіленген болса және соған байланысты кепілдік берілсе, онда экспорттаушы фирма үшін CIF шарты негізінде жасалған келісім ең жақсы болып табылады. Бір жағынан тауар толықтай сақтандырылады, екінші жағынан сатушы тауардың максималды құнын алады, ал сатып алушы өз кезегінде барлық қиындықтардан босатылып, тек қана тауар құнын төлейді. CIF шартының ең қиын кезі, ол сатушы тауарды белгіленген орнына жүктеудің алдында сатып алушыда импорттық лицензиясының бар екеніне көз жеткізу болып табылады. Оған байланысты шығындарды сатып алушы төлейді.

      СРТ (carriage paid to…) – фрахт/тасымалдау төлемі төленгенге дейін… Бұл базистік шарт тасымалдың барлық түрінде қолданылады, сонымен қатар контейнерлік, аралас және т.б. Сатушы тауарды белгіленген орынға дейін тасымалдау келісімін өз мойнына алуы қажет және тасымалдаушыға тасымалдау төлемін төлеуі тиіс. Ол өзінің жүк қоймасында тауарды бірінші тасымалдаушыға беруі қажет және соған байланысты жүк жолдамасын алуы керек, сонымен қатар, оның негізінде тасымалдау келісімінің шарты болуы тиіс. Сатушы сатып алушыға тасымалдаушы берген транспорттық құжатты табыс етеді. Сатып алушы өзі белгілеген келу орнын белгілейді және тауардың сол орынға келген сәтінен бастап барлық шығындарды өз мойнына алады. Кездейсоқ опат болу тәуекелі сатып алушыға бірінші тасымалдаушыға келісімде белгіленген уақытта берілген сәттен бастап өтеді. Егер, келісім бойынша тауарды бірнеше тасымалдаушы арқылы белгіленген орнына тасымалданатын болса, ондабарлық тәуекелдер сатып алушыға тауар бірінші тасымалдаушыға берілген сәттен бастап өтеді. СРТ-ның базистік шарты бойынша барлық экспорттық мәселелерді

Скачать книгу