Скачать книгу

талдау жасай отырып айқындаған. Сырдарияның б. з.б. III ғасырда сақ тілінде Силис, VІ-VІII ғасырларда грекше Яксарт (түрікше «касарт» сөзі), VІІІ-Х ғасырларда қарлықтардың үстемдігі кезінде Сейхун, одан да бұрын Александр Македонскийдің жауынгерлері оны Танаид деп атағанын, ал оның скифтің дон – «өзен» деген сөзінің сөзбе-сөз аудармасы екенін айта келе: «Біздің ойымызша, атаудың бірінші құрамындағы сыр сөзі парсы тіліндегі сар (сер) сөзінің түркі тілдерінде дыбыстық тұрғыдан өзгеріске түсіп айтылған түрі болса керек. Тәжік тілінде сар – 1) бас; 2) бас жақ, шыққан жері; 3) тау, шың мағыналарын білдірсе, парсы тіліндегі сер сөзі – «бас», «тау басы» мағыналарын білдіреді. Сонда Сырдария атауының топонимдік мағынасы: «тау басының, жоғарыдан аққан суы мол, үлкен өзен, бас дария», – деп есептейді.

      Бұдан соң Оңтүстік Қазақстандағы Арыс өзені мен Алматы облысындағы Асы өзені туралы тарихи деректер мен жүйелі ізденістерге талдау жасай келе біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген сақтардың белді де беделді тайпаларының аттары деп есептейді. Мұндай деректердің қазақ даласының барлық аймақтарынан кездесетінін Арал, Бетпақдала, Талас, Талғар, Торгай, Баладересін, Ақсеңгір, Ақсан, Дамсы, Деркөл, Хантәңірі, Алтай, Орал, т. т. атаулар арқылы нақтылай түседі. Сақтардың кезінен қалған әрі олармен тікелей байланысты қойылған атаулардың ғасырлар өтсе де ұмытылмай сақталып келуі, тілдік сабақтастықтың үзілмейтіндігін және сақтардың қазақтардың арғы ата-бабалары екендігін айқындай түседі.

      Қазақ жеріндегі палеотопонимдерді орал-алтай тіл бірлестігі кезеңіне тән екендігі Ақажық, Айтагы, Аягөз, Баксұқ, Баладересін, Бақсұқ, Басқамыр, Бастуайт, Белеуті, Бұлдырты, Дардамты, Дегелең, Доғалаң, Дегерес, Дүбін, Дыңшоқы,

      Елшенбүйрек, Зеренді, Кетмен, Күрті, Күрметі, Күршім, Қазыгұрт, Қарамыс, Қарашелек, Қаргалы, Қарқара, Қарқаралы, Қарнақ, Қатонцарагай, Қастек, Қусақ, Маңғыстау, Өлеңті, Сілеті, Шідерті, Сагыз, Сарлық, Түрген, Топар, Шалкөде, Шелек, Шыбышы, Шыңқар атауларынан байқалады.

      Қазақстандық палеотопонимдердің келесі бір тобы парсы тілінен енген немесе соларға байланысты қойылған атаулар құрайды. Олар Қазақстанның оңтүстігінде ғана емес Орталық және солтүстік аумақтарында да кездеседі. Мәселен Қарағанды облысындағы Дам-блан атауының дан сыңары иран тіліндегі тан – «сай», «шатқал» сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі болса, екінші сыңарындағы блан – «жота, төбе, шоқы» мағына береді екен.

      Кейбір атаулар иран және түркі сөздерінен біріктіріле жасалған. Мысалы, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Дастар тауының атауы, парсы тіліндегі дас – «тастақ, тастақ жер» деген мағынаны білдіретін сөзге түркі тілдеріндегі көптік жалғау тар қосыла отырып қалыптасқан.

      Ақмола облысының Сілеті аумағындағы Сеңгірқия атауы парсыша зан – зор, гар – тау , яғни «биік тау» ұғымдарынан тұратын заңғар сөзінің дыбыстық өзгерген түрі сеңгір болып шыққандығын зерттеушілер айқындаған.

      Қазіргі кездегі көптеген өзендердің

Скачать книгу