Скачать книгу

ежелден-ақ аспан денелерін, олардың өзгерістерінің ауа-райына, жан-жануарлар мен адамдарға әсерін білген. Табиғаттың жер сілкінісі, алапат дауылдар мен құйындар, қақаған аяздар мен тасыған сел сияқты ерекше құбылыстарын байқап, бастан өткізіп отырған. Оларға тіптен сыйынып, табынып та отырған. Соған байланысты Күнсұлу, Күнтуар, Айсұлу, Айжарық, Жарқынай, Айтуар, Айбол, Жұлдыз, Шолпан және т.б. есімдер қойып келеді. Бұл аттар ата-ананың дүниеге келген ұрпағының биіктен көрінуін тілеген арман-мүддесіне байланысты қойылып отырған. Сондай-ақ, Жаңбырбай, Дауылбай, Боранбай, Аязбай, Тасқын сияқты табиғат құбылыстарына байланысты қойылған аттары да кездеседі.

      Ежелгі адамдардың өмір тіршілігі қоршаған ортамен тығыз байланысты болды. Сондықтан олар жабайы аңдар мен құстар сияқты еркін, батыл да, күшті, қайсар болсын деген мақсатта Қасқырбай, Арыстан, Жолбарыс, Бүркіт, Қаршыга, Қарлыгаш, Лашын деген аттар қойды.

      Еуразияның далалы аймағында еркін өмір сүрген арғы бабаларымыздан бері айналысып келген негізгі шаруашылығының бірі – көшпелі мал шаруашылығы екені белгілі. Біз төрт түлік деп жүрген малдардың ішінде әсіресе жылқыға, түйеге, сондайақ қойға байланысты адам аттары да қойылып отырған. Мәселен Жылқыайдар, Жылқыбай, Бурабай, Жанбота, Ақбота, Ақтай, Қойлыбай және т.б.

      Дегенмен біз қазіргі қазақ жерінде ежелден-ақ жер шаруашылығы болғанын және соған байланысты да адам аттарының қойылып келгенін де естен шығармауымыз керек. Мысалы, Егінбай, Егінші, Күрішбай, Бидайшы, Алма, Алмабек, Өрікгүл, Өрік, Арпабек және т.б. аттар мұның бұлтартпас дәлелі.

      Қазақтар өмір тіршілігіне, тұрмыс-салтына қажетті дүниелер мен үй бұйымдарына байланысты да аттар қоятын болған. Мәселен Әбдіреш, Киізбай, Жүндібай, Ошақбай, Қазанқап,

      Сүттібай, Балғабек, Балтабай, Тоқашбай және т.б. есімдер әлі де кездеседі.

      Ертеден-ақ, ел мен жер үшін күресіп келген қазақ халқында бұлармен қатар қару-жарақтарға байланысты да адам аттары көп. Олар: Мылтықбай, Қылышбай, Жебе, Садақбек, Қалқанбек, Найзабай, Шоқпар, Қылыш, Садақ, Айбалта, Найза, Айболат, т. б.

      Осы жерде қазақтарда батырлар мен батырлар жырлары кейіпкерлерінің есімдерін ырымдап қоюдың да болғандығын айта кеткен дұрыс. Алпамыстың, Қобыландының, Ескендірдің, Рүстемнің, Қамбардың, Әжібайдың, Қабанбайдың, Наурызбайдың, Хангелдінің, Райымбектің, Қыз Жібектің, Гүлбаршынның есімдері ұлттық мақтанышқа айналды. Ол есімдердің бүгінгі таңда да жиірек кездесе беретіндігі бұл тұжырымды айқындай түседі.

      Қазақ үшін жер және оған қатысты дүниелер ежелден-ақ қасиетті, аса қымбат болып есептеледі. Сондықтан да жер-су мен елді-мекендер атауларына байланыстыра адамдарға да ат қойып, айдар тағып отырды. Жамбыл, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс, Ілебай, Орал, Арқабай, Кегенбай, Аякөз сияқты топонимдер мен гидронимдер негізіндегі аттары бар адамдар бүгін де баршылық.

      Қазақ жеріне ислам дінінің, ислам өркениетінің енуімен байланысты қазақтар араб есімдерін қоя бастады. Олардың көпшілігі Алланың көркем есімдері мен пайғамбарлардың аттары болып келеді. Рахман, Рақым, Расул, Аллаберген, Ыбырайым, Смагұл, Ыдырыс,

Скачать книгу