ТОП просматриваемых книг сайта:
Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Читать онлайн.Название Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Год выпуска 2010
isbn 9965-29-514-X
Автор произведения Бақыт Бөжеева
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Германия күннен-күнге өзінің тәуелсіздігіне талпынып, дүниежүзілік саясатқа араласуды көздеді. 1951 жылдың шілдесінде Ұлыбритания, Франция және АҚШ Германиямен соғыс жағдайының тоқтатылғандығын жариялады. Ал Кеңестер Одағы мұндай мәлімдемені тек 1955 жылдың 25 қаңтарында жасады. Осы 1955 жылы екі неміс мемлекеті шектеулі егемендікке ие болады. Яғни басты жеңген мемлекеттер: АҚШ, Кеңестер Одағы, Ұлыбритания және Франция «Берлин қаласы мен жалпы Германияға» қатысты өзінің ерекше өкілеттілігін сақтап қалды. Олар Германияның бөлісуіне байланысты барлық құқыққа ие болып қала берді. Егемендігі шектеулі болса да, бұл Батыс Германияның 1955 жылы 9 мамырда НАТО-ға мүше болуына жол ашқан еді. Бұған дейін 1952 жылы көктемінде Сталин екі Германияны «бейтараптық» күйде қосу жөнінде ұсыныс жасаған болатын, бірақ бұл ұсыныс Батыс Германия басшылары жағынан да, «Одақтастар» жағынан да қолдау таппайды. Оның басты себебі – Канцлердің ойынша неміс жерінде АҚШ әскерінің болғаны қорғаныс үшін әлдеқайда пайдалы деп есептеуі. Тек Германияның келешек тағдырында Кеңестер Одағының қажеттілігінің басым болатындығын түсінген К. Аденауэр осы елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға атсалысады. Сол мақсатта 1955 жылдың қыркүйегінде Мәскеуге сапар шегіп, 10 мың неміс әскери тұтқындарын және 20 мың қарапайым азаматтарды босатуға қол жеткізеді.
Батыс Еуропа соғыстан кейінгі жылдары жаңа бірігу, кірігу жолын таңдайды. 50-жылдары Батыс Германия сондай-ақ өзінің ата жауы деп есептеп келген Француз мемлекетімен де қарым-қатынасын жақсарта бастайды. Олар Француз-батыс герман одағына ұмтылады. Осы жолда олар ЕКББ, кейін ЕЭҚ көлемінде ұйымдаса отырып, 1963 жылы екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың белгісі ретінде Елисей келісімшартына қол қояды.
60-жылдардың басында АҚШ-тың үкімет басына Джон Ф. Кеннеди келгеннен кейін де олар өзінің Батыс Германияға қатысты саясатын ұстанатындығын (1961 ж. 25 шілдеде), Батыс Берлин қауіпсіздігіне, батыс мемлекеттерінің