Скачать книгу

бірге Мексика, Бразилия, Аргентинаға сапар шекті. Онда неміс басшылығы өзінің экономикалық мүдделерін жүзеге асыруға, латынамерикалық елдермен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға күш-жігерін жұмсады. Германия канцлерінің белсенді сыртқы саясатының арқасында ГФР-дың осы елдерге салынған тікелей инвестициялары 90-жылдардың ішінде 7 млрд-тан 22 млрд евроға дейін артты.

      Герман дипломатиясы Азия мен Африка елдеріне де көп көңіл бөлді. 2000 жылдың соңында канцлер Г. Шредер Мысырға, Ливанға, Сирияға, Иорданияға, Израильға ресми сапар шекті. Онда Таяу Шығыс қақтығысын реттеу жөнінде келіссөздердің бірқатары өткізілді. Ал осыдан сәл ертерек Берлинде ГФР мемлекеттік қайраткерлерінің Иран президенті Хатамимен кездесуі өтті.

      2003 жылдың соңы ГФР үкіметінің жаңа дипломатиялық жетістіктерімен ерекшеленді. Федералды канцлер АҚШ пен Ұлыбританияға сапар шегіп, онда Иракқа әскери басып кіруден туындаған соңғы жылдардағы түсініспеушілікті толығымен жойды. Сонымен қатар, Қытай мен Қазақстанға да ресми сапар шегіп, қару-жарақты, жоғары технологиялық құрал-жабдықты, коммуникация құралдарын сату жөніндегі келісімшарттарды энерготасымалдаушылар мен кең қолданыс тауарларына алмастырды. Бұндай белсенділік нәтижесінде Германия Қытайдың ғана емес, Орталық Азия елдерінің де ірі инвесторы мен сауда әріптесіне айналуы мүмкін.

      ГФР-дың халықаралық қауымдастыққа қызығушылық танытуы бұл елдің әлемдік істерде өз рөлінің артуына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелігіне өтуіне қол жеткізу ниетін тағы да дәлелдеді.

      Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастар. 1991 жылғы 31 желтоқсан – Германия Федеративтік Республикасы Қазақстан Республикасының егемендігін таныды. 1992 жылғы 19 ақпанда екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Екіжақты қатынастар түрлі деңгейдегі байланыстардың жоғары қарқынымен айқындалады, олар достық пен өзара сенімге негізделген. Екі мемлекет арасында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру саласында, сондай-ақ халықаралық лаңкестікке және есірткімен саудаға қарсы, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгілейтін түрлі құжаттарға қол қойылған болатын.

      ГФР мен Қазақстан арасындағы мәдени және гуманитарлық саладағы ынтымақтастық 1994 жылғы 16 желтоқсанда қол қойылған ГФР мен Қазақстан Үкіметі арасындағы «Мәдени ынтымақтастық туралы» Келісімінің негізінде іске асырылуда. Осы саладағы өзекті мәселелер Қазақ-Герман Үкіметаралық жұмыс комиссияның отырыстарында қаралады.

      Екі ел арасында білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық та пәрменді дамып келеді. 1999 жылдан бері мамандарды неміс үлгісі бойынша дайындайтын Алматыда Қазақ-Неміс университеті жұмыс істейді. ГФР мен Қазақстан Үкіметтері арасындағы Қазақ-Неміс университетін дамыту мақсатындағы ынтымақтастық туралы келісімнің аясында аталған жоғары оқу орнында қосымша жаңа мамандық

Скачать книгу