ТОП просматриваемых книг сайта:
Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева
Читать онлайн.Название Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009)
Год выпуска 2010
isbn 9965-29-514-X
Автор произведения Бақыт Бөжеева
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Ирактағы соғыс операциясы аяқталғаннан кейін Буш әкімшілігі осы елдегі жағдайды реттеу барысында өзінен жауапкершіліктің бір бөлігін алып тастауға тырысып, біраз күш салды. 2003 жылдың қазанында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иракта БҰҰ-ның басқаруымен көпұлтық күштердің құрылуы туралы шешім қабылдады және де Ирактағы негізгі қаржы ауырпалығы мен саяси жауапкершілікке америкалық билік жауапты болды. Осы мақсатпен ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Кондолиза Райс басқарған «Иракты тұрақтандыру тобы» құрылды.
2003 жылдың аяғында президент Дж. Буш халықаралық алаңдағы АҚШ-тың беделінің түсуіне байланысты оның мәртебесін қайтадан нығайту мақсатында маңызды дипломатиялық қадамдар жасады. 18 желтоқсан күні ол мемлекеттік іссапармен Ұлыбританияға келді. Мемлекеттің саяси элитасы, үкіметі жағынан жылы шырай танытылғанымен, Лондон көшелерінде, үкімет кабинеттері және Букингем сарайындағыдай емес, оны салқын қарсы алды. Маңызды қонақтың қауіпсіздігін президенттің барған жерлерін бетон блоктармен және арнайы металл қамаумен қоршалған 14 мыңнан астам британ полицейлері мен 700 арнайы америкалық қызметкерлері қамтамасыз етті. Әлеуметтік сұхбат бойынша Ұлыбритания тұрғындарының 36 %-ы Дж. Бушты өздерінің астанасында көргісі келмеді, ал одан да көп ағылшындықтар оны Ирактағы көңілге қонбайтын және өте қауіпті соғысты бастады деп кінәлады. Алайда, көптеген Англия азаматтары ең басты одақтасына мейірбандылық танытты. Бұл кездесу екі мемлекет арасындағы одақтастықтың мықты екенін тағы бір рет дәлелдеді.
АҚШ тарихында болып көрмеген жағдай америкалық президенттің екінші дипломатиялық сапары болды. АҚШ халқының Ирактағы әскери операцияны қолдаушылар санының 71 %-дан 52 %-ға төмендесе, ал бұл соғыстағы америкалық құрбандардың саны 300 адамнан асып кеткеніне қарамастан президент Буш 27 қараша күні батыл қадам жасап, Бағдадқа құпия сапармен барады. Буш әскери қызметкерлермен кездесіп, оларға өзінің алғысын, ризашылығын білдіріп, АҚШ Иракта көп жылдар бойы қалмайтындығына және Ирак халқының өзін-өзі басқара алатындығына сендірді.
11 қыркүйектегі лаңкестік әрекет Ресей-Америка қарым-қатынастарына түбегейлі өзгеріс әкелді. Ресей Федерациясының президенті В.Путин америкалықтардың қайғы-қасіретіне ортақтасып, президент Бушқа Ресей халықаралық лаңкестікке қарсы күресте көмек көрсететіндігін мәлімдейді. Содан бері екі мемлекет арасында өзара сенімділік қалыптасты. Дегенмен, екі мемлекет арасында кейбір мәселелерге қатысты қайшылықтар да туындауда. Атап айтсақ, АҚШ-тың Зымыранға қарсы қорғаныс шартынан шығуы, НАТО-ның Шығысқа кеңеюі, АҚШ пен НАТО-ның Орталық Азия және Кавказ елдеріне белсеңді түрде енуі және БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің түпкілікті келісімін алмай жатып, Саддам Хусейн жүйесін құлату сияқты мәселелер аясында келіспеушіліктер сақталды.
Бүгінгі таңда ең қуатты әскери-саяси және экономикалық әлеуетке ие болып