ТОП просматриваемых книг сайта:
Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов
Читать онлайн.Название Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0507-3
Автор произведения Коллектив авторов
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Уахит Хамзаұлы Шәлекенов – ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым, кең көлемдегі түрік-қазақ тарихының ғұламасы. Ұзақ жылдар бойына атқарған өнегелі еңбегі кейінгі ұрпақтарды тәрбиелеуде үлгі. Ол – соғыс және еңбек ардагері, ұстаздық пен ғалымдықты қатар атқарып келе жатқан еңбеккер азамат. Қоғамдық істерге де белсене қатысады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақсақалдар кеңесінің мүшесі. Университеттің соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі Уахит Хамзаұлы Шәлекеновке ұзақ өмір, қайратты рух пен шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейді.
М. ЕЛЕУОВ, тарих ғылымдарының докторы,
М.У. ШӘЛЕКЕНОВ, тарих ғылымдарының докторы
ПРОФЕССОР У.Х. ШӘЛЕКЕНОВТІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультеті археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, құрметті кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі Уахит Хамзаұлы Шәлекенов биыл 90 жасқа толып отыр.
Қазақ халқы кейінгі ұрпаққа өнегелі іс көрсетіп, алға жол сілтеген өзінің адал ұлдары мен қыздарын қашан да құрметтеген. Ондай азаматтар өмірдің әр саласынан ерекше көрінген және олардың халқына сіңірген игілікті еңбегін жас ұрпақ арасында кеңінен таратқан. Бұрынғы бабаларының, аталарының, ағаларының және аналары мен апаларының халқы алдында атқарған игілікті ісіне еліктеп жастар да өскен. Халқына өнегелі қызмет еткен, өсіп өнген осындай әулеттің бірі Шәлекеновтер отбасы.
Уахит Хамзаұлы Шәлекеновтің әкесі Хамза Шәлекенұлы (1890-1942 жж.) мен анасы Хафиза Шәлекенова (1895-1937 жж.) орта шаруа болғанымен, перзенттерінің білім алып, белгілі маман болып шығуын аңсады. Олардың тұңғышы Қабира Хамзақызы (1918-1989 жж.) биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ұзақ жылдар бойы биология пәнінен дәріс оқыған.
Екінші қызы Набира Хамзақызының (1927-1974 жж.) мамандығы – физик-математик. Ол ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы консерваторияда сабақ берген. Қарақалпақстанның үздік педагогі.
Бұл азаматтар ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде жемісті жұмыс атқарған аяулы жандар.
Уахит Хамзаұлы Шәлекенов 1924 жылы дүниеге келген. Оның отбасы 1938 жылы Қарақалпақстанның Мойнақ ауданы 3-ауылы Үргеге көшіп келген. Сол жердегі орта мектептің соңғы сыныбында оқып жүрген Уахит Хамзаұлы 1942 жылдың тамыз айында Қызыл Әскер қатарына алынып, Өзбекстанның Наманган қаласына Украинадан көшірілген Харьков жаяу әскер училищесінде 6 ай оқиды. Кіші лейтенант атағын алған соң, 1943 жылдың ақпан айында майданға аттанады. Сол жылы взвод командирі Уахит Хамзаұлы «Курск-Орлов