Скачать книгу

Мен жүрегім лүпілдеп, қысылып, сасып әзер дегенде ойымды Фокқа айтып шықтым. Мәссаған ғажап, бір мезгілде ұлы ғалым өзімен-өзі күбірлеп: «Менің де жас кезімде осыған ұқсас ойларым болып еді. Бірақ оларды зерттеуге қолым тимеп еді. Мынау жас жолдас аспирантураны менде өтсін. Мен ғылыми жетекші болуға келісім беремін» – дегені. Менің де, Сливтің де ауыздарымыз ашылып қапты. Әп-сәтте, аяқ астынан мен Фоктың оқушысы болып шыға келдім. Ғажайып! Фантастика!

      Бір жақсы жері математиканы тәп-тәуір білуші едім. Бұған себеп ҚазМУ-да жүргенімізде бізге жоғары математиканы Б.Т. Төлегенов деген доцент, өте талантты педагог берген еді, екінші – өз бетіммен ізденудің арқасы.

      1966 жылы 14 сәуірде Ленинград университетінің физика факультетінің ғылыми кеңесінде «Эйнштейннің гравитациялық теориясынан космогония үшін шығатын кейбір салдар» – деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғадым. Өзінің 2 желтоқсан 1965 жылы, ғылыми жетекші ретінде менің диссертацияма берген бағасында Фок былай деп жазады: «Абдильдиннің жұмысы бүкіл Одақтық Тбилисидегі (сәуір, 1965 жылы) болған гравитациялық конференцияда баяндалды және менің дүние- жүзілік Лондонда болған гравитациялық конференциядағы (шілде, 1965) баяндамам бойынша талқыланды. Барлық жағдайларда бұл жұмысқа жоғары баға берілді. Абдильдин диссертациялық жұмысын басынан аяғына дейін (мәселені қоюдан соңғы нәтижені алғанға дейін) бір өзі жасады. Шындап айтқанда, бұл жұмыс деңгейі қатардағы кандидаттық жұмыстардан әлдеқайда жоғары».

      1966 жылы шілде айында Алматыға қайтып, Астрофизикалық институттағы қызметімді жалғастырдым. 1967 жылы, қазан революциясының 50 жылдығына байланысты ҚазКСР ҒА-да бірінші рет жас ғылымдардың ғылыми конференциясы және конкурс болды. Мен де қатыстым. Жұмыстың аты: «Жалпы салыстырмалық теориясының тағы бір интерпретациясы». Конкурс нәтижесінде бірінші орынды биолог М. Айтхожин (кейін академик, ҒА-ның президенті) алды, екінші орынды физик мен (кейін ҒА мүше- корреспонденті, ҚазМУ-дың ректоры) алдым, үшінші орынды химик Е.Е. Ерғожин (кейін академик, ҚазМУ-дың ректоры) алды.

      1970 жылы ҚазМУ-дың физика факультетінің деканы С.И. Исатаевтың шақыруымен теориялық физика кафедрасының менгерушісі болып КдзМУ-ге ауыстым. Үзіліс кезінде, 1981-1986 жылдары, кафедраны профессор Л.А.Сливтің шәкірті, бертін келе Кеңес үкіметінің атақты физиктерінің бірі академик А.Б. Мигдалдың оқушысы болған, жас талантты физик Т.А. Қожамқұлов басқарды. Қазір осы жігіт КдзҰУ-дың ректоры.

      Ғылым жағына келгенде мен кафедраның бұрыннан келе жатқан тақырыбы «Жалпы салыстырмалық теориясындағы денелер қозғалысының мәселелері» – деген бағытқа ғылыми жетекшілік еттім. Бұл мәселе ЖСТ-ның өзекті мәселелерінің бірі, онымен Эйнштейн және Фок шұғылданған. Біраздан кейін КСРО-ның Жоғарғы Оқу Министрлігінің жанындағы ке- ңестің гравитациялық секциясының мүшесі болып сайландым. Теориялық физика кафедрасы «ЖСТ-дағы денелер қозғалысының күрделі мәселелері» деген тақырыпты зерттеуде одақ бойынша басшылық жасайтын болды (КСРО

Скачать книгу