Скачать книгу

шығармасының негізгі өзегіне айналдырады. Шәкәрім ұстанған сыншылдықтың басты міндеті – өмір шындығын нақты көрсете отырып, өмір құбылыстарын шынайы бейнелеу арқылы оқырман ойын ояту. Шәкәрімнің лирикасы сыршыл сезімге толы. Өлеңдерінің көркемдік бояуы қанық, нәзіктікке бай болып келеді. Абай өлеңінен табылатын суреткерлікке тән белгілер Шәкірімнің лирикасынан да бой көрсетіп отырады.

      Ақынның поэмалары. Шәкәрімнің төл-туындысы ретінде саналатын үш поэмасы бар. Олар «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу».

      «Қалақаман – Мамыр» – Шәкәрімнің іргелі шығармаларының бірі. Екі ғашықтың махаббат трагедиясын арқау еткен бұл поэма Қалқаман мен Мамыр арасындағы ғашықтық сырын шертеді. Поэмада екі ғашықтың махаббаты романтикалық сарында бейнеленген. Ақын сюжеттік желіге тарихи оқиғаларды негіз ете отырып, қазақтың бұрынғы тұрмысын, әдет-ғұрпын кеңінен көрсететін махаббат драмасына құрылған дастан жазып шыққан.

      Ал «Еңлік – Кебек» поэмасын автор ел ішінде аңызға айналған, болған оқиғаның ізімен жаза отырып, екі жастың махаббат тргедиясының жеке адамның қасіреті ретінде бағаламай, сол тұстағы қазақ қоғамының қасаң қағидаларын ескілікті сананың қасіреті ретінде бейнелеуге ұмтылады.

      «Еңлік – Кебек » поэмасы өткен тарихи оқиғаға өзіндік көзқарасымен, кейіпкерлерін жаңаша сомдауымен, көркем тілмен қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеруімен ерекшеленеді.

      Прозалық шығармалары. Ш. Құдайбердиев өлең өлкесінде ғана еңбек етіп қоймай, қазақ прозасына да едәуір үлес қосты. Олар, мыналар: «Түрік,қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты», «Трактаты», «Бәйшешек бақшасы» атты әңгімелер топтамасы, «Мәнді сөздер» атты офоризмдері, «Шын бақтың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше» толғамдары және «Әділ мен Мария» романдары.

      Шәкәрім әңгімелері шығыстық мазмұнда, халық ауыз әдебиетінің үлгісімен жазылған ғибраттық-дидактикалық сарындағы дүниелер. Автордың қай әңгімесін алсақ та, байқалатын ерекшелік шағын ғана оқиға, аз сөзден ғибраттық үлгі алатын қорытынды жасап отыруы. Шәкәрімнің шағын прозалық шығармаларында бірде адам болмысын, тағдырын жан-жақты суреттеуге тырысса енді бірде күнделікті өмір құбылыстарының кейбір көріністері, сыр-сипаттары туралы толғамды ой жүйеленеді. Қара сөзді шығармаларының ішінде көлемі жағынан да, көтерген мәселесі жағынан да ауқымдысы «Әділ мен Мария» романы. Автор шығармасын «Қайғылы роман» деп те атаған. Ақын бұл қайғылы романды 1925 жылы май айында, Шыңғыс тауының сыртындағы Шақпақта 67 жасында жазған. Романда ескі қазақ ауылының 1910 жылдардағы өмір тұрмысы, сол кездегі әлеуметтік теңсіздік суреттері, сүйгеніне қосылса да зорлық пен әділетсіздіктің құрбаны болған. Әйел тағдыры шыншылдықпен суреттеледі. Романның идеялық нысанасымен әлеуметтік астарына келетін болсақ, мұндада қазақ қоғамындағы әйел теңсіздігі, махаббат еркіндігі жолындағы күресі арқау болған.

      Шәкәрім шығармасын оқи отырып, сол кездегі халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, этнографиясын, салт-дәстүрін қоршаған орта табиғатын ұтымды пайдаланғанын байқаймыз. Ш. ҚҰдайбердиевтің

Скачать книгу