Скачать книгу

С.Торайғыров, т.б.) бағыттар белең алды. Бұрыннан әдебиетімізде бар діни- ағартушылық бағытты (М.Ж. Көпеев, М. Қалтаев, Н. Наушабаев, Ш.Жәңгіров, т.б.) қосқанда осы кезең әдебиетінде үш бағыт өркен жайды. Діни-ағартушы бағыттағы ақындарға тән бірнеше басты белгілер бар. Біріншіден, бұлар – діни мектептерде оқып, мұсылманша білім алған ақын-жазушылар. Олардың орыс оқуымен, орыс жазушыларының шығармаларымен атүсті ғана таныстығы болды. Екіншіден, бұлар – шығыс әдебиетін, оның түрлі әдеби мектептерін жетік біліп, озық үлгілі дәстүрінен үйреніп, шеберлік тәсілдерін өз шығармашылықтарында кеңінен пайдаланып, шығыс классиктері деңгейінде жазуға талпынғандар. Үшіншіден, бұлардың көпшілігі ірі медреселерде білім алып, Ташкент, Бұқара, Қазан, Стамбұл сияқты діни орталықтарда болып, ислами әдебиеттің классикалық үлгілерімен танысып, діни ілімнің қыр-сырын жетік меңгергендер болды.

      Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың кейбірі Шәді Жәңгіров, Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Шораяқтың Омары, Мәулекей Жұмашев, т.б. бірыңғай қисса-дастандар, шығыс үлгісіндегі поэмалар, шығыс әдебиетінде бар бір сюжетке бірнеше ақын жарыса шығарма жазатын нәзирашылдық деп аталатын дәстүрді дамытты.

      Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Олар қазақ әдебиетін шын мәніндегі жазба әдебиет деңгейіне көтерді.

      Олардың көбі орыс мектептерінде білім алған, орыс тілін жетік білетін, оқуын кейін түрлі оқу орындарында жалғастырған, орыс және батыс әдебиетін жақсы білетін жандар еді. Сондықтан да олар орыс, батыс әдебиеттеріне еліктеп, сол деңгейде шығарма жазуға талаптанды.

      Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығы шын мәніндегі сыншыл реалистік дәрежеге көтеріліп, дүние құбылысын кең, терең негізде ашты. Бұл бағыттың өкілдеріне таза әдеби шығармашылықпен айналысып, кәсіптік деңгейдегі жазушылық шеберлікке көтерілген С.Торайғыров, М. Сералин, С. Дөнентаев, т.б. ақын-жазушылармен бірге, шығармашылығы ағартушылық-ұстаздық қызметтерімен тығыз байланыста өрістеген С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Т. Жомартбаев сынды тікелей ағартушылық тақырыпта қалам тербеген ақын-жазушылар да жатады.

      Үшінші бағыттың қалыптасуына ХХ ғасырдың басында жаңа әлеуметтік саяси күш – ұлтжанды зиялы топтың пайда болуы жан-жақты әсер етті. Олардың көбі шығармашылықпен айналысқандықтан да, өз шығармаларында бостандық, теңдік, азаттық идеяларын ту етіп көтерді. Ал өздерінің саяси көзқарастарында елдің жігін ажыратпай, біртұтас етіп біріктіруді көздеді. Сондықтан ең басты мәселе ретінде саяси тәуелсіздікті нысана етіп қоя білді. Ұлттың жан-жақты дамуы, өркендеуі ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай отырып, өзге өркениетті елдерден үйренер еркіндік салтымен жетілуде деп білді. Оқу-ағартуды, өнер-білімді ел тәуелсіздігі жолындағы саяси күреске пайдалануға әрекеттенді. Әдеби шығармаларында ұлттық сананы оятуды, күрескерлік рухты көтеруді басты нысана етіп қоя білді. Сондықтан да олардың шығармашылығындағы

Скачать книгу