ТОП просматриваемых книг сайта:
Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері. Əзімбек Қоқанбаев
Читать онлайн.Название Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2160-8
Автор произведения Əзімбек Қоқанбаев
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Проекциялық фонарь көмегімен қарқындылығы төмендеу жарық шоғырын аламыз. Ол үшін алдын ала линзаны түсіріп аламыз да, шамның жапқышын өте тар тесік тесілген диск арқылы жабамыз.
Диафрагмаға тым жақын орналастырылған кішкене үстелге зерттелінетін ерітінділер толтырылған жазық параллельді қабырғалы ыдыстарды кезекпен құямыз.
Тәжірибенің нәтижесі: Барлық коллоидтық ерітінділерде қарқынды Тиндаль конусы байқалады. Шын ерітінділерде қарқынды тиндаль конусы іс жүзінде байқалады.
Ескерту: Тәжірибе үшін проекциялық фонарь жоқ болған жағдайда, диаметрі 1 см, шеткі қабырғасының саңлауы ішінен қара түске боялған қандай да болмасын камера қолдануға болады. Бұл камераға күшті жарық көзі орналастырады.
2-тәжірибе. Кірнелердегі жарық шашырауының талғамдылығы. Релей заңы
Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Канифоль кірнесі; 2) Айдалған су; 3) Проекциялық фоонарь; 4) Жарық сүзгіштер: қызыл, жасыл, көк; 5) Ақ экран; 6) Жазық параллель қабырғалы бірдей екі астауша.
Тәжірибенің орындалуы: Өткен тәжірибедегі сияқты проекциялық фонарьды тар қарқынды сәуле шоғырын алу үшін қайта жабдықтайды. Сәулелендіргіштің шамдарының саңлауларының қабығын қызыл жарық сүзгішпен қайта жауып, диафрагма сәулесінен, диафрагма сәулесінен 30 см арақашықтықта орналасқан ақ экранға жарық сәулесін бағытттаймыз.
Жарық сүзгіштің алдындағы кішкене үстелге алдымен айдалған суы бар астаушаны содан соң канифольдің коллоидты ерітіндісі бар астаушаны қоямыз. Бұдан экрандағы қызыл дақтың қарқындылығының қалай өзгеретіні байқалады. Осындай реттілікпен тәжірибені жасыл және көк жарық сүзгіштермен істейміз.
Тәжірибенің нәтижесі: Канифоль кірнесімен астаушаға жарық сәулесін енгізгенде ақ экрандағы қызыл дақтар, қызыл жарық сүзгіште іс жүзінде өзгермейді. Жасыл жарық сүзгіште экрандағы дақ айтарлықтай келіп, көк жарық сүзгіште жарық көзін толық енгізгенде іс жүзінде мүлде экрандағы дақ жоғалып кетеді, ендеше канифоль кірнесінен көк сәуле, күшті, ал жасыл сәуле одан азырақ жұтылып, ал қызыл сәуле іс жүзінде жұтылмайды екен.
Тәжірибенің түсіндірілуі: Рэлей заңына сәйкес шашыраған жарықтың қарқындылығы кірнеден өтетін жарықтың толық ұзындығының 4-інші дәрежесіне кері пропорционал. Сол себептен қызыл сәуле көкке қарағанда өте әлсіз шашырайды, оны біз тәжірибеден байқаймыз. Осы себепті кірне ақ жарық жібергенде тиндаль конусы көгілдір болады, яғни басқа түстен көгілдір опалесценция басым болады.
3-тәжірибе. Өткен және шағылған сәулелердегі коллоидтық ерітінділердің түстерінің айырмашылығы
Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1). Бензин; 2) Өсімдіктің жасыл жапырақтары; 3) Метил сарғыш қызғылт айғақкері; 4) Метил және этил спирті; 5) Метилен көгі; 6) 0.01 н калий иодиді; 7) 0.01 н күміс нитраты матаны ұсақтағыш немесе келісапшасы бар кәрден келіше (үккіш);