ТОП просматриваемых книг сайта:
Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері. Əзімбек Қоқанбаев
Читать онлайн.Название Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2160-8
Автор произведения Əзімбек Қоқанбаев
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Б-тәжірибесінің орындалуы: Ас желімінен бірнеше тілім кесіп алып, одан 0,5 г өлшеп аламызда, 200 мл-лік стақанға салып, үстіне 50 мл айдалған су құямыз. 6-8 cағат ісінгеннен кейін стақанға тағы 50 мл су құйып, 40-50 ºC температурада, алынған қоспаны сулы жылытқышта ісінген (бөрткен) желім толық ерігенше қыздырамыз.
Тәжірибенің нәтижесі: Қыздырғаннан кейін 0,5 %-дық желім ерітіндісі алынады. Ерітінді консервациялануы үшін бірнеше тамшы құмырсқа альдегидінің ерітіндісін қосамыз.
В-тәжірибесінің орындалуы: Алдын ала келішеде ұнтақталған жұмыртқа альбулинінен немесе тауық жұмыртқасының нәруызынан 20 г өлшеп алып 200 мл-лік өлшеуіш құтыға саламыз. Құтыға 40-50 мл-лік суық айдалған су қосып, құтыдағы қосылыс толық ерігенше қатты шайқап отырамыз. Сосын құтының белгісіне дейін сумен толтырып, қайта шайқаймыз.
Тәжірибенің нәтижесі: Суық суда еріткен кезде әлсіз нәруыз-дың коллоидтық ерітіндісі алынады.
Г-тәжірибесінің орындалуы: 100 мл-лік өлшеуіш құтыға тамшылатқыштан 10 мл 1 н натрий ацетаты ерітіндісін, 20 мл су және 0,4 г ұнтақ казеин қосамыз. 40-50 ºC температурада сулыжылытқышта периодты түрде шайқай отырып, құтыны қыздырамыз. Құтыдағы қоспа қалай толық ериді, солай құтының белгісіне дейін айдалған сумен толтырамыз.
Тәжірибенің нәтижесі: Қыздырылғаннан кейін аз ғана казеиннің коллоидтық ерітіндісі алынады.
1.2. Кірнелерді тазарту әдістері
1-тәжірибе. Диализ әдісімен кірнелерді тазарту
Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Медициналық коллоидий (колоксилин ерітіндісі: қоспада 3 бөлік спирт және 15 бөлік эфир бар); 2) 0,1 н AgNO3; 3) Тазартылмаған Fe(OH)3 кірнесі; 4) 500 мл-лік конус тәрізді құты; 5) Қысқаша шыны түтікше; 6) Жіңішке жіп; 7) Үлкен кристализатор; 8) Бунзен тұрғысы.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Жақсылап жуылған және кептірілген конус тәрізді құтыны коллоидиймен толтырамыз да, оны қайта төгіп, сауытты ақырын айналдыра отырып, коллоидийдің қалған мөлшерін оның қабырғаларына біркелкі жұқтырамыз. Коллоидий толық жабылып болған кезде, қалған қабыршық қатаяды. Ал қалған қабыршық қайнағанда құтыны ондағы спиртті аластату үшін бірнеше рет сумен шаямыз.
2-сурет. Қарапайым диализатордың сұлбасы
3-сурет. Ағын сулы Грим диализаторының сұлбасы mn-жартылай өткізгіш жарғақ
Тәжірибенің орындалуы: Коллоидтық бөлшектің ішіне немесе Грим диализаторына (3-сурет) жаңа дайындалған, тазартылмаған темір гидрокірнесін құйып, айдалған суы бар ыдысқа диализаторды саламыз. Айдалған судан аз мөлшерде алып, тәжірибе ретінде студенттерге көрсететін стақанға құйып, оған бірнеше тамшы, суда хлор иондарының жоқ екенін көрсету үшін, күміс нитраты ерітіндісін қосамыз. Сосын 10-15 минут өткеннен кейін тәжірибе үшін тағыда су жинап аламыз да, коллоидийлік целлофанның айналасындағы сұйықтықтан жеке хлор иондарын анықтаймыз.
Тәжірибенің нәтижесі: