Скачать книгу

тартады. Олар адамдардың тірі кезінде ағаш тақтаға балауызбен салынып, қабырғаға ілінген, өлген соң мумия бетіне қойылған. Сондай-ақ музей келесідей құндылықтарды экспозициялайды: Аахотеп патшайым, Та ІІ Секененр фараонның жұбайы, Камос және Яхмос І фараондардың анасы әшекейлері; Та ІІ Секененр, Яхмос І, Аменхотеп І, Тутмос І, Тутмос ІІ, Тутмос ІІІ, Сети І, Рамсес ІІ, Рамсес ІІІ, Аменхотеп ІІ, Тутмос ІV, Аменхотеп ІІІ, Мернептах, Сети ІІ, Рамсес ІV, Рамсес V, Рамсес VІ фараондардың мумиялары; Амон абыздарының мумиясы мен саркофактары; Тутмос ІІІ, Тутмос ІV, Аменхотеп ІІІ және Хоремхеб қабірханалары қазыналары; Хеопстың анасы Хетепхерес І пашайымның заттары; Ахетатон сарайынан табылған Эхнатон билігі дәуірінің заттары; Танаистен табылған 21, 22 династияларға тиесілі заттар, соның ішінде Псусеннес І фараонның о дүниелік маскасы; Гиза, Саккар, Бубаст, Гелиополь, Асуан және Нубиядан табылған археологиялық бұйымдар.

      Әдеб.: Островский А.В. История цивилизации. Спб., 2000.; ; muzei-mira.com/muzei_egipta/117-kairskiy-muzey.html

      «ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ ЕСКЕРТКІШТЕРІ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ, 1979 ж. 25 желтоқсанда ұйымдастырылған. Оның құрамына Ежелгі Тараз қ-ның жұрты, Айша бибі, Қарахан, Бабажы қатын, Дәуітбек (Шамансұр) кесене ғимараттары, Қали Жүніс моншасы, Әбдіқадыр мешіті, сақтардың Үштөбе қорғаны, Тектұрмас кесенесінің қалдығы, Төңкеріс, Төрткүл кесенелері, Ақыртас құрылысы, Төменгі Барсхан, Атлах, Адахкет, Хамукет, Жікіл қ-ларының жұрты, Талас өз-нен өтетін ескі көпір қалдығы сияқты 19 тарих және мәдениет ескерткіштері біріктірілді. Музей экспонаттары сан алуан көне түркі жазулары мен таңбалар түсірілген балбал тастардан бастап, әдемі қыш құмыра-керсендер, құбырлар, көзе бұйымдары, алтын-күміс әшекейлерді, сондай-ақ, медресе, мешіт, көпір, керуен сарай, мұнара, мазар, күмбез, кесене сияқты үлкен құрылыстарға дейін қамтиды. Ондағы сәулет өнерінің бірегей үлгілеріне Айша бибі, Бабажы қатын, Қарахан, Тектұрмас, Шамансұр, т.б. күмбездер жатады. Әбдіқадыр мешіті Әбдіқадыр медресесі деп те аталады. Ежелгі Тараздың ортаазиялық қалалар секілді шахристаны, рабаты болған. Шахристанның аум. 7,5 га. Оның ішінен 10 – 12 ғ-ларға жататын шығыс моншасының қалдығы табылды. Моншаны 1940 ж. А.Н. Бернштам зерттеді. Монша жобасы төртбұрышты, ауд. 13,60-12,40 м, күйдірілген сапалы кірпіштен қаланған, 5 бөлмеден, 2 алаңқайдан тұрады. 3 бөлмесінің қабырғасына ою-өрнек салынған, сылақтың қызыл, сары, көк, қара, қоңыр түсті бояуларының қалдығы сақталған. 3 бөлме мен бір алаңқай ерлер, қалған 2 бөлмесі мен алаңқай әйелдер бөлігі болып табылады. Әр бөліктің шешінетін, суға түсетін, қыздырынатын бөлмелері бар. Ыстық өткізетін саңылаулары бар жылыту жүйесі шығыс моншалары үлгісінде жасалған. Моншаға су қыш құбырлар арқылы келген. Моншаның табылуы ежелгі Тараз халқының мәдениеті жоғары деңгейде болғанын дәлелдейді. Шамамен 10 – 12 ғ-ларда Талас өз-не салынып, Тараздың шығысын батысымен жалғастырып тұрған Таскөпір – көне сәулет өнері ескерткіштерінің тағы да бірі. Көпір үлкен тас блоктардан қаланған. Оның ізін Талас өз-нің оң жағалауындағы

Скачать книгу