ТОП просматриваемых книг сайта:
Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім. Тұрғанжан Төлебаев
Читать онлайн.Название Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім
Год выпуска 2013
isbn 978-601-04-0107-5
Автор произведения Тұрғанжан Төлебаев
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
Жиырма жылдың ішінде біз бұл істі біраз еңсеріп тастауға тиіс едік, ісжүзінде олай болмады. Өткен ғасырдағы отаршылдық заманды, одан кейінгі кешегі кеңестік кезеңді еске салатын қалалар мен аудандардың және жүздеген елді мекендердің атаулары әлі күнге орыс тілінде тапжылмай тұр. Сөйтіп, біз ұлттық мүдде ұтатын жерде арқаны кеңге салып, мәселенің шешілуін сағыздай созып, тәуелсіз елдің топонимикасы да тәуелсіз болуы керек дегенді ескермей келеміз. Басқаларды былай қойғанда, Петропавл мен Павлодар қалаларының атаулары сол күйінде өзгермей келе жатқаны қынжылтады. Осы атауларға байланысты Елбасы осыдан үш жыл бұрын «…Еліміздің зиялы қауымы біраздан бері Петропавл, Павлодар секілді қалалардың атауларын өзгертсек деген ұсыныстар айтып жүр. Ленинград, Сталинград, Ульяновск секілді қалалар, басқа да жер аттары өзгеріп жатқанда, бұл да орынды ұсыныс шығар. Жергілікті әкімдіктермен, мәслихат депутаттарымен ойласып көру керек. Бұл да – елмен бірігіп, ақылдасып шешетін мәселе» деген болатын. Жергілікті билік орындары осы сөздерді іліп әкетсе, кәне. Қайта кейбіреулер оган қарсы қол жинап әлек. Мәселенің ойдағыдай шешілуі көп жағдайда аудан, қалалардағы ономастикалық комиссиялардың белсенділігі мен тиянақтылылығына байланысты екенін дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас. Алайда ономастика комиссиялары орталықта да, жергілікті жерлерде де құрылғанмен, олардың жұмысын әлі де жетілдіру қажет. Олардың ішінде егемен еліміздің бүгінгі жаңару, өркендеу үрдісіне ілесе алмай отырғандары да бар екені шындық
Демек, ономастикалық комиссиялардың атқарған жұмыстарының жай-күйіне тексерулер жүргізіліп, оларға практикалық көмек көрсетілуі тиіс. Жалпы осы істі алға бастырамыз десек, ономастикалық комиссиялардың жұмысын түбірінен қайта құру керек. Олар өшкенімізді зерттеумен, зерделеумен айналысатын, осы іске үздіксіз қозғау салып отыратын, тұрақты жұмыс істейтін ғылыми орталықтарға айналуға тиіс.
Күнбе-күн көзіміз жетіп жүргеніндей, көп мәселе аудан, қала, облыс әкімдеріне байланысты. Бір ғана мысал келтірейін, жақында мен іссапармен Оңтүстік Қазақстан облысында болып қайттым, бәрімізді толғандырып жүрген мәселелер сол өңірде қалай шешіліп жатқанына назар аудардым. Облыстық ономастика комиссиясын аймақ басшысының өзі басқарады екен. Сүйініштісі сол, әкім дайын құжаттарға қол қоюмен шектеліп отырған жоқ, осы маңызды іске соны серпін беріп, оның барлық