Скачать книгу

500 кітап, 28,5 метр, 46,2 шар.метр, 300 тілшінің келуі ықтимал, 50 пайызға қымбаттады, 2 есе төмендеді т.б.

      Мекен-жайларды көрсетуде үйдің қосарлы нөмірі қисық сызық арқылы қойылады: мысалы: Абай көшесі, 19/1 үй. «а», «б» сияқты әріптермен берілетін литері бірге жазылады. Мысалы: Бейбітшілік көшесі, 97а үй.

      Қысқарған сөздерді жазу:

      Құжат дайындау барысында ең бірінші сөйлемде қысқарған сөзді қолданбаған абзал. Жалпыға бірдей мойындалған қысқарған халықаралық атаулар да (НАТО, ЮНЕСКО т.б.) кейбір жағдайларда жақшаның ішіне жазылған толық атауымен беріледі.

      Ресми құжаттарда «Қазақстан Республикасы» деген сөздердің орнына «ҚР» деген қысқарған түрін қолдануға жол берілмейді. Мекеме, ұйымдардың атауы бір құжатта бірнеше мәрте қолданылса, бірінші аталуында толық жазылып, ал жақшаның ішінде қысқарған атауы беріледі, мысалы: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің өкілдігі (бұдан былай – ҚР СІМ өкілдігі).

      ҚР Сыртқыістермині, ҚР Ішкістермині, ҚР Қаржымині сияқты қысқарту тәсілдері кездеседі. Сондай-ақ, Орсайком, Азиякеңес, Еуроодақ тәрізді қысқартулардың қолданылып жүргенін ескерген жөн.

      Қазақ тілінде қысқарған сөзге жалғанатын жалғау соңғы әріптің айтылуына байланысты болады.

      Мысалы: ҚР-ға (ҚР-на емес), БАҚ та , (БАҚ-да емес).

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ Қ.К.ТОҚАЕВҚА

      БҰҰ Бас Хатшысының

      Семей сынақ алаңына байланысты Жолдауы туралы

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атына БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның Семей ядролық сынақ алаңы жабылуының 15 жылдығына орай келіп түскен Жолдауын жібереміз.

      Аталған мәлімдеменің мәтінін қазақстандық БАҚ-та жариялауды орынды санаймыз.

      Қосымша: Жолдау және оның бейресми аудармасы, 2 парақта.

ТҰРАҚТЫ ӨКІЛ

      Дипломатиялық құжаттар негізінен бағытталған тарапқа қолма-қол тапсырылғаны дұрыс немесе дипломатиялық шабарманның (курьер) көмегімен және қол хат негізінде арнайы уәкілге тапсырылады.

      Дипломатиялық хат алмасуда ресми деректердің нақтылы болғаны дұрыс, қандай да мәліметті тым асырып немесе мәнін төмендетуге, дәлсіздік жіберуге болмайды. Егер мәтінде келтірілген дерек нақтылы болмаса ол құжатқа деген күмәнді ұлғайта түседі. Іс болғаннан кейінгі түзетулер мен нақтылаудың мән-мағынасы төмендеп кетеді. Сол себепті құжаттардағы деректерді саралау барысында, сараптау нәтижесінде нақтылығына нық сенімді болған жағдайда ғана пайдалану қажет.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

      1. Дипломатиялық құжаттарды әзірлеу барысында қандай талаптар ескеріледі?

      2. Жеке тұлғаларға арналған ресми құжаттарға қойылатын талаптарды атаңыз?

      3. Дипломатиялық құжаттардың сыртқы пішініне қандай талаптар қойылады?

      4. Дипломатиялық хат алмасудағы грамматикалық талаптың мәні қандай?

      5. Құжаттарды басқа тілден аударуға қатысты қойылатын талаптарды атаңыз.

      6. Қазақ тілінде дайындалатын

Скачать книгу