Скачать книгу

дэ Удың ұсынысын қоғамдағы әлеуметтік тыныштық үшін өзінің бұрынғы ниетінен бас тартқан Чон ду хван қолдады. Жаңа конституция 1987 жылдың 27 қазанындағы ұлттық референдумда қабылданды. Бұл конституция осы кезге дейін әрекет жасауда. Жаңа конституцияға сай президенттік мерзім бес жылға қысқартылып, оның төтенше шараларды қолдану құқығы тарылды. Ұлттық жиналыстың өкілеттігі күшейтілді және сот төрешілерінің мәртебесі нығайтылып, олардың билік институттарынан тәуелсіздігі бекітілді. 1987 жылдың 16 желтоқсанында өткен президенттік сайлауларда Ро дэ У басымдықпен жеңіске жетті. Алғаш рет корея Республикасының тарихында билікті тапсыру бейбіт жолмен жүзеге асты. Елде Алтыншы Республиканың билігі басталды.

      ХХ ғасырдың 80 жылдарының соңы мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі Оңтүстік Кореяның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Ро дэ У президент ретінде қоғамды тұрақтандыру мен демократияландыру үшін айтарлықтай күш салды. Ол бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен әскерилердің саясатқа ықпалын шектеп, елдің халықаралық беделін көтеруге талпынды. Атап айтқанда, Шығыс Еуропа, кСРО, Қытай және Вьетнаммен (1990-1992) дипломатиялық қатынастар орнатылды. Сеулды социалистік елдердің мойындауы оған БҰҰ-ға жол ашып берді. Бұл ұйымға корея Республикасы Солтүстік кореямен қатар 1990 жылдың қыркүйегінде қабылданды. Ро дэ У 1989-1990 жылдар аралығында елде бұрындары енгізілген бірқатар саяси шектеулерді жойды. Осының нәтижесінде жалдамалы жұмысшылар мен қызметкерлер өз құқықтары үшін күресуге мүмкіндіктер алды. Олар ең алдымен үкіметтен жалақыны өсіруді талап етті. Нәтижесінде халықтың айтарлықтай бөлігінің табысы өсті. корей Республикасының сыртқы және ішкі саясатындағы табыстар ел ішіндегі әрүрлі саяси күштердің арасындағы қарама-қайшылықтардың ауқымын тарылтты. Ел ішіндегі саяси ахуалдың тұрақтануы демократтық-либеральды партияның (дЛП) құрылуына тиімді жағдай қалыптастырып берді. Аталмыш партияның құрамына фракциялық блок ретінде демократиялық әділет партиясынан өзге (дӘП) ірі екі оппозициялық партия кірді. дЛП парламентте басым көпшілік орынды иемденіп іс жүзінде үкімет пен президенттің бағытын еш кедергісіз жүргізді.

      хх ғасырдың 90 жылдары жаңа индустиалды елдер қатарында Оңтүстік корея жетекші орында болды. Бұған экономиканың қарқынды дамуы ықпал етті. Қалыптасқан бұл көрсеткіш 20 жылға жуық үздіксіз жалғасты. Экономиканың жылдық орташа даму қарқыны 8 % асты. Бірақ 1997 жылы бүкіл Азия Тынық мұхиты аймағын шарпып өткен экономикалық дағдарыс корей Республикасы экономикасының іргесін шайқалтты.

      1990 жылдары елдің жоғары билігінде өзгерістер болды. Бірақ бұл өзгерістер әлеуметтік-саяси жағдайға байланысты болған жоқ. Ро дэ У мен оның жақын үзеңгілестеріне сыбайлас жемқорлықтар үшін айып тағылды. Нәтижесінде 1993 жылғы президенттік сайлауларда Ро дэ У өзінің қарсыласы ким Ен Самнан жеңіліп қалды. 1995 жылы ел ішінде жаңа оппозициялық партиялар құрылды. Бұл ким Ен Самды президенттік партияны нығайтуға мәжбүр етті. Бірқатар

Скачать книгу