Скачать книгу

символы ретінде» жарияланды. Халықтың суверенді билігі жария етілді. Жапония «соғыстан ұлттың суверенді құқығы ретінде», халықаралық даулы мәселелерді шешуде қауіп тудыру немесе күш қолданудан бас тартты. Жаңа конституция бойынша ерлермен қатар әйелдер де азамат ретінде танылды. Жалпыға бірдей сайлау құқығы берілді, патриархалды жанұя жүйесі жойылды, азаматтық құқықтар жарияланды. 1947 жылдан кейін әсіресе, Корядағы соғыстан соң (1950) американдар елде «кері бағыт» деген саясатты жүзеге асыра бастады. «Кері бағыт» үш мақсатты: оппозициялық, ең алдымен кәсіподақ пен коммунистік қозғалысты басып-жаныштауды; дзайбацуларды таратуға қатысты саясатты қайта қарауды; Жапонияны қаруландыруды көздеді.

      1949 жылға дейін Жапонияның экономикасын қайтадан қалпына келтіру негізінен ірі монополияларға үкімет тарапынан бөлінген субсидиялар және американдық көмек арқылы жүзеге асырылып келді. Бірақ, бұл шаралар тек уақытша сипатқа ие болды. 1948 жылдың қарашасында АҚШ үкіметі оккупациялық әскерлер штабына елдегі жағдайды тұрақтандыру жоспарын енгізу туралы үзілді-кесілді нұсқау берді. Бұл жоспар тоғыз пункттен тұрды. Жоспардағы пункттерге сәйкес жапон үкіметі: 1) мемлекеттік бюджетті баланстауға; 2) салық көлемін ұлғайтуға; 3) субсидиялар беруді қатаң шектеуге; 4) жалақыны тұрақтандыруға; 5) бағаның тұрақтануын бақылауға алуға; 6) сыртқы сауда мен шетелдік валютаға қатаң бақылау орнатуға; 7) экспорттық өндіріске қажетті материалдармен жабдықтау жүйесін жақсартуға; 8) импортты шектеу үшін жергілікті шикізат пен тауар өндірісін ұлғайтуға; 9) азық-түлікпен жабдықтау жүйесін жетілдіруге міндетті болды. 1949 жылдың мамырында Жапониядан репарациялар алу жоспарынан бас тартқан АҚШ, монополияларға қарсы заңды қайта қарап, өндіріс пен капиталдың шоғырлануына жағдай жасап берді.

      ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындагы Жапонияның экономикалық өрлеуі. Сан-Францискода өткен бейбіт конференцияда АҚШ пен Ұлыбританияны басқарушы топтар Жапониямен бейбіт келісім-шартқа қол қою процедурасын жүзеге асырды. Сонымен бір мезетте «Қауіпсіздік шартына» қол қойылды. Аталмыш шартқа сәйкес, АҚШ өз әскерлерін «бейбіт шарт» жасалғаннан кейін Жапония территориясында ұстауға құқық алды. Жапония тәуелсіздігін қайта беру елдің дамуында жаңа кезеңнің басталғандығын білдірді. Мицуи, Мицубуси сияқты аты әлемге әйгілі қаржы-өндірістік топтар қайтадан жандандырылды. Бұл топтар өздерінің ұйымдастырушылық құрылымдарын өзгерте отырып, Жапонияның бүкіл экономикасына бақылау орнатуға тырысты.

      Осы кезеңнен бастап, ұзақ жылдар бойы біріккен консерваторлар лагерін басқарып келген – ЛДП (Либералды демократиялық партия Демократиялық және Либералдық партиялардың бірігуі негізінде құрылған) Жапонияның саяси өмірінде билікке келді. ЛДП Жапониядағы бірқатар прогрессивті партияларға, ең алдымен, Жапонияның социалистік партиясына (ЖСП) қарсы күш ретінде қалыптасып, осы кезге дейін елдің саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуында шешуші рөл атқарып келеді.

Скачать книгу