ТОП просматриваемых книг сайта:
Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім. Рыскелді Мырзабекова
Читать онлайн.Название Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім
Год выпуска 2014
isbn 978-601-04-0756-5, 978-601-04-0757-2
Автор произведения Рыскелді Мырзабекова
Жанр Зарубежная образовательная литература
Издательство КазНУ
1905 жылғы Портсмут шарты бойынша Ресей Ляодун жартыаралын, Оңтүстік Сахалинді Жапонияға берді және Кореядағы өз мүдделерінен бас тартып, Маньчжуриядан әскерлерін шығарды. Порт-Артур және Кореяның Чемульпо портында суға батырылған орыс кемелері, соның ішінде әйгілі «Варяг» крейсерін жапондықтар су бетіне көтеріп шығарды. Бұл кемелер жөндеуден өткізілген соң жапон флотында ұзақ жыл қызмет етті.
1. Кап колониясы қашан құрылды. Колонияның қандай ерекшеліктері бар?
2. Ағылшын-бур соғысы барысында ағылшындар бурларға қатысты қолданған шараларды атап беріңіз.
3. Алғашқы империалистік қақтығыстардың басты себебі не?
4. Отаршылдықтың ортақ заңдылықтары мен негізгі нұсқалары қандай болды?
§ 2. Капиталистік қатынастардың дамуы жағдайындағы ауыл шаруашылығы
Отарларда капиталистік плантациялық шаруашылықтың қалыптасуы. Шығыс елдерінің негізгі шаруашылығы ауыл шаруашылығы болды. Ауыл шаруашылығымен халықтың үштен екі бөлігі айналысты. Отаршыл елдердің аграрлық секторды қалыптастыру әдістері сан алуандығымен ерекшеленді. Бірақ олардың барлығы екі бағытта топтасты. Біріншісі отаршылдықтың даму барысында жерге жеке меншіктің дамуы және жерді жалға беру, помещиктік тұрпаттағы ірі өндірістер құру. Екіншісі плантация түріндегі ірі өндірісті орнықтыру. Шетелдік плантациялық шаруашылық өзге шаруашылықтармен салыстырғанда ерте әрі жылдам сол заманғы капиталистік мекемелерге айнала бастады. Бұндай үрдіс отарларда капиталистік тәртіптің қалыптасуына өз себін тигізді.
Алғашқы палантациялар Молук бұғазының жағалауларында ХVІII-ХІХ ғасырларда пайда болды. Кейіннен Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге аудандарында пайда бола бастады. Бірақ бұл аудандарда плантациялар сирек кездесетін құбылыс еді. Тек ХХ ғасырдың бірінші жартысында игерілмеген жаңа жерлерді игеру үрдісі қарқынды түрде жүрді. Бұл жерлерге техникалық дақылдардың жаңа түрлері әкелініп өсіріле бастады. Плантациялық шаруашылық Үндістан,