Скачать книгу

бастады. АҚШ Филиппин аралдарының тәуелсіздігі үшін күресті басу және Агинальдоны берілуге мәжбүрлеу үшін үш жылын сарп етті. Осымен бір мезетте американдықтар Гавай аралдарының ең соңғы патшайымы Лилиуокаланиді тақтан тайдырып, (1831 ж.), аралдарды АҚШ территорияларының құрамына (1900 жылы қосылған территория, ал 1950 жылдан бастап штат) қосты. 1898 жылы Тынық мұхиттағы Самоа аралдар тобы Германия мен АҚШ арасында бөліске салынды. Осылайша АҚШ отаршыл державалардың қатарына қосылды.

      Агылшын-бур согысының тарихы XVII ғасырлардан бастау алады. Оңтүстік Африканың «Қайырымды Үміт» мүйісіне жақын аудандарда голландықтар 1652 жылы «Кап колониясы» деп аталатын шағын, бірақ тұрақты отардың негізін қалады. Бұл отарда голландықтармен қатар саксондықтар және өзге де еуропалықтар мәңгілікке қоныс тепті. 250 жыл ішінде олар бір-бірімен некелік қатынастарға түсті. Олардың ұрпақтарын бурлар («шаруалар») деп атай бастады. XVIII ғасырдың соңында бурлардың саны 15 мыңға жетті. Бурлар өздерінің билік органдарын құруға әрекет жасады. Бірақ 1795 жылы Кап колониясын ағылшындар басып алды. Бурлар тәуелсіздік үшін күрес бастады. Бастапқы кезде бұл күрес бурлар үшін сәтті болды. 1852-1854 жылдары Кап колониясының оңтүстік-шығысында бурлар өздерінің «Оранжевая» және «Трансвааль» деген екі республикасын құрды.

      Оранжевая және Вааль өзендерінің алқаптарында 1867 жылы алмаз, ал 1870 жылы Витватерсранд пен Трансваальда орасан-зор алтын кен көздерінің табылуы жағдайды күрт өзгертті. Бур республикаларының халқы келесі ширек ғасырда төрт есеге өсті. Республикаларда темір жолдар салынып, қалалар шапшаң өсе бастады. Алмаз бен алтынды өндіру қысқа мерзімде ағылшын-бур монополиялық компанияларының қарауына өтті. Еуропадан толассыз ағылып жатқан «жат жерліктердің» үлкен легіне байланысты, Бур республикаларының тәуелсізідіктеріне үлкен қатер төнді. Алмаз бен алтын өндіруден алынған салық республикалардың салық табысының басты көздері болды. Трансваальдың президенті Крюгер мен парламенті уайтландерлердің (негізінен ағылшындардың) дауыс беру құқықтарын шектейтін (жасына және қоныстануға байланысты ценздер жоғарылатылды) заңдар шығарды.

      Англия алмаз өндіруден түсетін табыстан айрылғысы келмеді. Ағылшын миллионері және Кап колониясының сол кездегі премьер-министрі Сесиль-Род, 1895 жылы Тарнсваальға қарулы шабуыл ұйымдастырды. Англия Трансваальдың сыртқы саясатына бақылау орнатуға тырысты. Өзінің әрекетін жүзеге асыру үшін Лондон, Оңтүстік Африкаға әскер жөнелте бастады. 1898 жылы ағылшындар мен бурлар бір мезгілде бір-біріне ультиматум қойды. Ультиматумды тараптардың қабылдамауы, ағылшын-бур соғысының басталуына әкеліп соқты. Алғашқыда бурлардың әскери қимылдары табысты жүрді. Англия әскери қимылдар театрына қосымша күштер жіберуге мәжбүр болды. 1900 жылдың күзіне қарай ағылшындар Трансваальды басып алды. Крюгер қашып кеткенімен партизандық соғыс 1902 жылға дейін жалғаса берді.

      Соғыс кезінде ағылшындар қатаң екі шараны қолданды.

Скачать книгу