Скачать книгу
кезекте Рубруктың еңбегінен алынған Мөнке ханның француздардың королі Людовикке жіберген хатын қарастырайық: «Міне, маолдар, наймандар, меркіттер, мустелемандар болып келетін – Біз, сендерге айтар сөзіміз келесі, сендер ойда-қырда жүргендерің тыңдаңдар және бәріне жеткізіңдер; менің айтқанымды естіп, түсінгеннен кейін, сенгісі келмей, бізге қарсы әскермен шықса, онда көзі бола тұра көрмей қалады; қандай да бір зат ұстағысы келсе, қолдарынан айырылады, жүргісі келсе, аяқсыз қалады; бұл Құдайдың мәңгілік насихаты. Құдайдың мәңгілік күшімен, ұлы Моңғол халқының атымен, бұл Франктердің патшасына, король Людовикке және басқа да билеушілер мен шіркеулік қызметшілерге, біздің сөздерімізді түсіну үшін Мөңке ханның насихаты. Не Шыңғыс ханның, не одан кейінгі билеушілердің айтқандары сендерге жеткен жоқ. Давид деген адам Моолдардың елшісі ретінде сендерге барды, бірақ ол өтірікші болып шықты және сендер оған елшілеріңді қосып Кен-ханға жібердіңдер. Кен хан қаза болғаннан кейін ғана, жіберген елшілерің оған жетті. Оның әйелі Камус сендерге мата және хат жіберді. Бірақ, қалай бұл иттен де жаман әйел, әскери істер мен әлемдегі жағдайды біле алады? Сендерден Сартаққа келген екі монахты, Сартақ Батыйға жіберді; Мөңке хан Моңғол әлемінің басты ханы болғаннан кейін, Батый оларды бізге жіберді; Енді, барлығы бейбітшілікте өмір сүру үшін, біздің сөзіміз сендерге жету үшін, монахтармен бірге сендерге елшілерді жібереміз деп ұйғарып едік. Бірақ, монахтар жолда қауіп-қатердің көп екендігін айтып, хатты өздері жеткізетіндігін білдірді. Осы себептен құдайдың насихатын солар арқылы жібердік. Мұны естігеннен кейін, бейбітшілікті қаласаңдар, бізге тағы елшілер жіберіңдер. Ал егер естіп, білгеннен кейін: «жеріміз алыс, тауларымыз биік, теңізіміз шалағай-кең» деп сенбей, бізге қарсы жорық ұйымдастырсаңдар, сендерді не күтетінін бір құдайдың өзі біледі».
Еуропалық саяхатшылардың ішінде тек Рубрук Қарақорымның гүлденген шағы жөнінде шыншыл мәліметтер қалдырған. Ол алғашқы рет Батыс Еуропада Қытай тұрғындарын ежелгі геогрофтар жазған «Серлер» екенін белгілейді, сонымен қатар моңғолдар Қытайды толық жаулап алмағанын, Қытай қорғаны, қағаз ақша жөнінде де хабарлар береді.
Плано Карпини және Рубрук Шығысқа саяхатында әртүрлі юридикалық мәртебеге ие болды: біріншісі ресми түрде елшінің барлық қызметін атқарды және «татарлардың королі мен халқына» Иннокентий IV-тің екі булласын апарды. Ал екіншісі ЛюдовикIX бұйрығымен король елшісі екендігін мойындамады, Людовик IX-дың Сартаққа жазған хатын жеткізіп, өзін тек дін таратушы етіп көрсетті. Бірақ, бұл формальды ерекшеліктерге қарамастан, екі миссияда негізінен бірдей сипатта болды, ең алдымен, барлаулық және дипломатиялық, тек содан кейін ғана діни сипатын байқауға болады. Басты тапсырмаларды екі францискандықтар да жақсы орындады. Плано Карпинидің, Құйық ханның Еуропаға жорығы жөнінде хабары Батыс еуропалықтарды алғашында қорқытса, Гильом Рубруктың мұсылмандарға қарсы шығу дайындығы
Скачать книгу