Скачать книгу

шіркеулік қызметтер атқарды, туған жері Маджионе (қазіргі аты) қалашығы, латынша аты Плано Карпини (1185-1252 ж.). Миссияның құрамына одан басқа тағы екі монах-францискандықтар: Польшадан Бенедикт және Богемиядан Стефан кіреді. Плано Карпини өз саяхатын бастағанда шамамен 60 жаста еді.

      Өзінің досы, монах Иорданның айтуынша, ол жүрегі ашық адам болған. Сонымен қатар өте өнерлі дипломат болғандығы айтылады. Саяхатының соңында, Лионға оралғаннан кейін (1247 жылы 18 қараша), папа Иннокентий IV-ке есебін жазып болып (бұл есеп бүкіл әлемге «Libellus Historicus» – «Тарихи шығармалар» деген атпен танымал болады), Плано Карпини папаның жасырын тапсырмасымен Людовик IX-ға жіберіледі. Бұл тапсырманы орындағаннан кейін, оған Далматиядағы Антивари қаласының архиепископы деген қызмет орны беріледі. Папа басшылыққа Плано Карпиниді қойып жіберген францискандықтар Қарақорымға солтүстіктегі жолмен жүріп отырған. Олар сол 1245 жылы Лион қаласынан шығып, Альпіден өтіп, Орталық Еуропа және Орыс жерлері арқылы, Волганың төменгі жағына жеткен. Бұл кезде онда Алтын орда ханы Батыйдың тұрағы Сарай қаласы болған еді. Плано Карпини Киевтен үшінші ақпан күні шығып, Құйық ханның тұрағына 22 шілдеде жетеді, яғни Днепрдан Моңғолияның орталығына дейінгі аралыққа бес жарым ай кетеді. Егер ағайынды Пололардың Қытай саяхатына кетірген бір жарым жылын еске түсірсек, бұл көп уақыт емес. Плано Карпинидің түсіндіруінше, мұндай асыққан себептері, құрылтайға жеткісі келген, ол жерде Үгедейдің баласы Ұлы хан етіп жарияланатын еді. Жол бойында монахтар моңғолдар және олар жаулап алған елдер жөнінде мәліметтер жинап отырған. Плано Карпинидің мәліметтері бойынша Батыс еуропалықтар алғаш рет Шығыс Еуропа өзендерінің аттарын білген: Непер (Днепр), Дон, Волга, Жайық.

      Ендігі кезекте жоғарыда айтқан құрылтайға келетін болсақ, ол жөнінде Плано Карпини: «Біз Гуюкке келгеннен кейін, азық-түлік және баспана берілді; бұл берілген заттары басқа елшілердікіне қарағанда жақсырақ еді. Бірақ оның өзіне бізді жіберген жоқ, өйткені таққа көтермейінше, оған билік етуге рұқсат етілмейтін. Өйткенменде, Батый Папа мырзаның аударылған хаттарын және біз айтқан сөздердің мағынасын жеткізді…

      Қоршаудың арғы жағында Суздальдан келген орыс князі Ярослав және Қытай мен Солангтардың бірнеше көсемдері, сонымен қатар Грузия патшасының екі баласы, Балдах халифының елшісі (яғни 1258 жылы моңғолдармен өлтірілген, Бағдадтың соңғы аббасидтік халифы Мустасимнің елшісі) және басқа да көптеген сарацин (мұсылман) сұлтандар тұрды. Ол жерде салық төлеуге, сыйлық беруге, қол астына кіруге келген төрт мыңнан аса елшілер жиналды. Бұл жерде біз төрт апта болдық. Сайлау өткізілді, бірақ оны халыққа жарияламады…

      Бетін оңтүстікке қаратқан үлкен топ тұрды. Олардың ішінде тас лақтырым жерде, бір-бірінен арақашықтықта тұрып, тізерлеп сиынып жатқандар болды. Біз бұлай істеуден бас тарттық, өйткені олар құдайға жалбарынып жатқанын, немесе дұға оқып жатқанын білмедік. Бұл істерін олар ұзақ уақытқа созды, одан кейін шатырға келіп, Гуюк ханды император тағына отырғызып,

Скачать книгу