ТОП просматриваемых книг сайта:
Мәдени антропология. Әлия Масалимова
Читать онлайн.Название Мәдени антропология
Год выпуска 2011
isbn 978-601-247-244-8
Автор произведения Әлия Масалимова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Психологиялық антропология моделін жасаған шетелдік этнопсихологтардың арасынан Дж. Уайтингті атауға болады, оның моделі бойынша адамның биологиялық потенциалы мәдениет және қоғаммен тығыз қарым-қатынаста қарастырылады. Психоантропологтар арасынан Р. Д’Андараде есімін атап өткен жөн. Этнопсихологияны этносемантика мен этноғылымның бір бөлігі деп санайтын мәденипсихолог Р. Шведер психологиялық антропология жөнінде көп жазады. Бұл бірінші кезекте оның сананы, дене мен эмоцияны этнографиялық зерттеулерде жеке тақырыптар ретінде қарастырумен байланысты.
Қазіргі таңдағы жетекші психоантрополог Джф. Уайт пікірінше, «этнопсихологиялық зерттеулер субъективтіліктің ерекше түрлері мен жеке тәжірибе қалыптасатын лингвистикалық, идеологиялық, эмоционалдық, институционалдық құрылымдарды қарастыру арқылы «өзіндік» және «тұлғалық» абстрактілік концепцияларға басқаша қарауға мүмкіндік береді»8. Джф. Уайт ұсынған әдіс бойынша тұлға – мәдени мағыналар жүйесін пассивті алып жүретін тұлға емес, ол мәдениеттің «белсенді агенті». Тұлға мәдени мағыналарды таңдайды, өзінше талқылайды, әлеуметтану үрдісін өткізген мәдениетке тән өмірді жаңаша қарастырады.
Т. Шварц қазіргі замандағы психологиялық антропологияның көрнекті өкілі. Оның пікірінше, мәдениет тілді қамти отырып, адамның алғашқы бейімделу әрекетін білдіреді. Мәдениеттің мәні адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсу барысындағы тәжірибесінен шығады, кейінне ерекше жолмен ұйымдастырылып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады, соған қоса әрбір жаңа ұрпақ оған өзінің өзгертулерін енгізіп отырады.
Мәдениет пен тұлға арасындағы өзара байланысты білдіретін концепцияны қалыптастыра отырып, Шварц «мәдениеттің таратушы моделін» құрады. Аталмыш модель – мәдениеттің халық арасында тең дәрежеде таралмайтындығын көрсетеді. Таратушы модель жазбасы жоқ мәдениетті қоса есептегенде әрбір қоғамның күрделі құрылымы бар екендігін білдіреді. Мәдениет адам интеллектісінің ерекше құрылымын, оның психологиясын, саналы және бейсаналы элементтерін анықтайды. Мәдениет қоғамдық топтар тұрғысынан түрліше өзгерістерге түседі, сәйкесінше мәдениет әрбір индивидтің психологиясында да ерекше жолмен өзгеріске ұшырайды.
Адам өзінің әлеуметтену үрдісі барысында мәдени өңделген тәжірибені игеруде кең де жан-жақты мүмкіндіктерге ие, және мәдениеттің өзіндік баламаларын қалыптастырады. Тұлғаның толыққанды қалыптасуы мәдениеттің өзіндік жеке баламасын игеру мен мәдени игерілген жүйелерді қолдану кезінде жүреді.
Мәдениеттің «таралу» мәселесі – қазіргі таңдағы психологиялық антропологияның маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Алайда психологиялық антропологияның әлі де шешімін қажет ететін сұрақтары бар. Бірінші кезекте бұл үрдіс ретінде қарастырылатын этникалық мәдениеттің тұрақтылығы мен трансформациясын
8