ТОП просматриваемых книг сайта:
Мәдени антропология. Әлия Масалимова
Читать онлайн.Название Мәдени антропология
Год выпуска 2011
isbn 978-601-247-244-8
Автор произведения Әлия Масалимова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Мәдениет компоненттерін ақпараттық және физикалық қызметтерге бөлу материалды және рухани мәдениетті бөліп көрсетуде барынша сенімді жол болып табылады.
Реттеушілік жүйе қоғамның рухани мәдениет саласын материалды мәдениеттен бөлу шарттарын субстанционалды онтологиялық көрсеткіш бойынша емес, функционалды көрсеткіш бойынша жүзеге асырған жөн. Аталмыш көрсеткішке сәйкес рухани мәдениет физикалық құралдық қамтамасыз ету жолдарына қарағанда іс-әрекеттерді ақпараттық қамтамасыз ету жолдарының жиынтығы болып табылады.
Сәйкесінше, мәдениеттің теориялық миссиясы өмірдің қоғамдық және биологиялық шекараларын бөліп көрсетуде болып отыр. Мәдениет адамзат іс-әрекетін жүзеге асырудың биологиялық жолдан тыс құралдар мен механизмдер жиынтығы, оны белсендендіру, жобалау, бағыттау, физикалық қамтамасыз ету, орындау және өңдеу болып табылады.
Социумда ол келесі жолдарды атқарады:
· қоғамды өзгертуші (адамды, қоғамды, жалпы әлемді өзгерту);
· танымдық, адамға қоршаған әлемді, өзін және қоғамды тануға мүмкіндік береді
· семиотикалық, рухани құндылықтар жүйесінде белгілі символдар мен белгілерді бекіту;
· аксиологиялық адамның құндылықтық бағытының жолы ретінде;
· коммуникативті, ұрпақтар, халықтар арасындағы, рухани құндылықтарды қалыптастырушы және оларды тұтынушылар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз етуші.
Осылайша, мәдениет – бұл қоғамдық өмірді ұйымдастырудың ерекше жолы. Қоғамдық құрылым ретінде мәдениеттің мәні рәсімдерді, салт-дәстүрлерді, мифтерді, идеяларды, теорияларды, өнерді, шаруашылықты, ғылымды, қоғамдық институттар мен қарым-қатынастарды қамтитын мәдени ұстанымдар жиынтығын қолдау, сақтау, мобилизациялау және жаңғырту болып табылады.
Б. Нұржановтың пікірінше, «мәдениеттің мәні адамзат қоғамындағы тәртіпті қалыптастыру және қолдау екенін атап өтеміз. Сонымен мәдениеттің алғашқы тарихи мағыналарының бірі: мәдениет культ ретінде, табыну ретінде, ежелгі дәстүрлерді мұқият сақтау болып табылады. Дәстүрлерді сақтау мағынасында мәдениет рәсімдер жиынтығы болып табылатын дінге жақын. Мәдениет адамзат әлемінің барлық салаларын қамтиды, адамның адам болуы оның мәдени тіршілік иесі болғандығына байланысты. Кез-келген мәдениет адам үшін гуманистік болып табылса, кез-келген адамгершілік, гуманизм мәдени болып табылады»7.
Сонымен, биологиялық тіршіліктен қоғамдық тіршіліктің негізгі айырмашылығы қоғамдық өмірдің әмбебеп ақпараттық механизмі – мәдени дәстүр. Мәдени дәстүр кең мағынада қолданылатын мәдени қордың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Оның өзге де құрамдас бөліктері тарихи қауымдастықтың жадында сақталып қалған, дегенмен де белгілі бір себептермен онымен
7