Скачать книгу

аяттарын жоқка шығарып

      Оның пайғамбарларын еш жазықсыз,

      өлтіргені үшін31

      Қарсы келіп, барлық шектен шыққаны үшін32.

      62.

      Шындығында (Құранға) иман келтіргендер,

      Яһудилер, назорейлер-3 мен сәбейлер34

      Аллаға және Ақырет Күніне сенгендер,

      Жасап жақсы амалдарды,

      Сыйлық алар Алладан,

      Оларда еш қорқыныш болмайды,

      Әрі олар қайғырмайды.

      63.

      Мынаны еске алындар:

      Біздің сендерден уәде алғанымызды Тауды35

      Көтеріп айтканымызды:

      “Біз сендерге түсіргенге36 берік болыңдар,

      Сендер (ашылған сырды) есте сақтандар,

      Сонда бәлкім тақуа боларсыңдар”, – деп.

      64.

      Бірақ одан кейінде сендер жалтардыңдар,

      Соңда Алланың сендерге деген

      Қайырымы болмаса,

      Әлбетте ұшырар едіңдер зиянға.

      65.

      Рас, сендер білесіндер,

      Сенбінің37 қағидасын бұзғандарды.

      Біз айттық оларға: “Маймылға айналындар,

      Жиіркенішті, қор болған”, – деп.

      66.

      Бұл жазаны Біз үлгі қылдық,

      Сол елге және ұрпақтарына,

      Әрі сақтанғанға өсиет.

      67.

      Мынаны еске алыңдар,

      Мұсаның қалай өз жұртына айтқанын:

      “Алла сендерге сиырды бауыздауға38 бұйырды”, – деп.

      Сонда олар айтты:

      “Бізді мазақ етіп тұрсың ба?” – деп.

      Ол айтты: “Алла мені сақтасын,

      Ақымақтардан болудан! – деп.

      68.

      Сонда олар айтты:

      “Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,

      Ол сиыр қандай болуы тиіс”, – деп.

      Ол айтты:

      “Ол кәрі де емес, жас та емес,

      Орта жасар болсын, – деп, -

      Алла айтты сендерге,

      Ал енді орындандар үкімді”, – деп.

      69.

      Сонда да олар айтты:

      “Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,

      Ол сиырдың түсі қандай болсын”, – деп.

      Мұса айтты: “Ол сарғыш түсті, дағы жоқ

      Көрген көзді қуантатын болсын, – деп, -

      Алла айтты сендерге”

      70.

      Олар айтты:

      “Біз үшін жалбарыншы Раббыңа,

      Қандай болсын ол сиыр,

      Өйткені ұқсас сиыр көп екен,

      Тек қалауымен Алланың

      Дұрыс тандау жасармыз”, – деп.

      71.

      (Мұса) айтты оларға: “Ол сиыр

      Жер жыртуға, су тасуға жегілмеген,

      Теңбілі жоқ оның, болсын кіршіксіз”, – деп.

      Сонда олар айггы:

      “Міне, енді келтірдің шындықты”, – деп.

      Сосын бауыздады сиырды,

      Құлықсыз, әрең жүріп орындап.

      72.

      Мынаны (еске алыңдар), қалай

      Сендер өлтіріп болып тірі жанды,

      Өзара жанжалдасып тартыстыңдар.

      Бір-бірінді “жауыз” деп айыптап,

      Сонда құдіретімен Алланың

      Жасырғандарың айқын болды.

      73.

      Біз айттық:

      “Сиырдың бір мүшесін алыңдар да,

      Өлікті сонымен қағындар”, – деп.

      Алла

Скачать книгу