ТОП просматриваемых книг сайта:
Құран мағналары мен түсіндірмелерінің аудармасы. Бақара Сүресі. Муслим Хайрулла
Читать онлайн.Название Құран мағналары мен түсіндірмелерінің аудармасы. Бақара Сүресі
Год выпуска 2024
isbn
Автор произведения Муслим Хайрулла
Издательство Автор
Олар айтады:
“Расында біз сендермен біргеміз,
Оларды тәлкек етіп жүрміз”, – деп.
15.
Алла азғындықта қаңғыртып
Ұшыратар оларды мазаққа.
16.
Олар тура жолды қисыққа
Айырбастап алғандар.
Саудалары пайдасыз!
Тура жолды таппайды.
17.
Олар от жаққан адам сияқты, -
Маңайын жап-жарық қылғанда,
Алла оны өшірді,
Қараңғылықта қалдырып,
Енді олар көрмейді.
18.
Саңырау, мылқау, соқыр болып,
Алла жолын таппайды.
19.
Әлде (тағы бір мысал9), -
Қараңғылықта күркіреп, жарқылдап
Аспаннан нөсерлете құйған жаңбырда,
Олар құлақтарын бармақтарымен бітейді,
Қорқып найзағайдан өлем деп.
Бірақ Алладан құтыла алмас имансыздар!
20.
Олардың көздері найзағайдан
шағылысады,
Оларға одан жарық болғанда,
Олар ұмтылады алдыға.
Қараңғы болып қалғанда,
Тұра қалады жылжымай.
Егер Алла қалағанда жояр еді
Олардағы есту, көру сезімін –
Өйткені, Алла күші толық,
әр нәрсеге жетуші!
21.
Әй, адамзат!
Құлшылық қылың Раббыларыңа,
Кім жаратты сендерді,
Әрі бұрын болғандарды!
Әрине, сақтанғаннан боларсыңдар.
22.
Кім сендер үшін,
Жерді төсек етіп жайды,
Аспандарды қорған қылып көтерді,
Көктен жаңбыр жаудырып,
Шығарды сендер үшін өсімдіктен ризықты.
Сондықтан біле тұра (Ақиқатты),
Аллаға серік қоспаңдар.
23.
Ал егер құлымызға
Біз түсіргенге күмән болса.
Онда осындай бір сүрені келтіріңдер,
Қалағандарыңды шақырып!
Егер сөздерің рас болса!
24.
Бірақ оны егер сендер қылмасаңдар,
Ал оны сендер сірә істей алмайсыңдар.
Оттан қорқыңдар – әзірленген кәпірлерге.
Отыны оның болады,
Тастар мен (бұзақы) адамдар.
25.
Иман келтіріп Аллаға,
Ізгі амал істеушілерді шаттандыр.
Кіреді олар Үжмаққа – өзендерді ағызған,
Оларға одан әр кезде ризық бергенде,
Олар айтады:
“Осы біздерге берілген еді ғой бұрын да”, – деп,
Ол сыртынан ғана ұқсас келеді10.
Оларға онда өте пәк жұбайлары бар,
Олар мәңгі онда болады.
26.
Алла тартынбайды мысал келтіруден –
Ол кішкентай ғана маса болсын11,
Мейлі, болсын ең қастерлі жаратылысы.
Ал мұміндер оны біледі,
Ол Раббыларынан (Ақиқат) деп,
Ал қарсы келгендер айтады:
“Алла бұл мысалмен не демек?” – деп.
Алла онымен көбісін салар адасуға,
Және көбісін тура жолға салады,
Тек бұзақыларды жолдан тайдырып.
27.
Аллаға