ТОП просматриваемых книг сайта:
Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Читать онлайн.Название Жалпы гидробиология
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2166-0
Автор произведения Б. Минсаринова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Қалқымалы заттар. Олар органикалық заттар, мөлшеріне қарай өте көп лайлы грунтқа және органикалық заттары салыстырмалы аз болатын детритке ажыратылады. Судың қозғалуы кезінде суқоймалар түбінің эрозиясы нәтижесінде, әсіресе өзендерде, бөгендерде, кіші көлдер мен тоғандарда грунт лайланады. Судағы детрит минералды және органикалық бөлшектерден тұрады. Кез келген минералды бөлшек өзінің беткі қабатына органикалық қабықшаны адсорбциялайды, онда өз кезегінде бактериялар орналасады. Детриттің қалыптасуына минералды қоспалар, өлген организмдер мен олардың бөліктері, сонымен бірге суда еріген органикалық заттар қатысады. Детрит бөлшектері микроорганизмдердің көп шоғырланатын және жоғары белсенділігінің орны болып табылады.
Суда қалқыған заттардың көп мөлшерде болуы фотосинтез жағдайын нашарлатады. Сонымен бірге ол жануарларға қолайсыз әсер етеді, өйткені су түбіне шөккен кезде грунтта тіршілік ететін организмдерді жауып, сүзгіш (фильтрат) – гидробионттардың қоректенуін нашарлатады.
Көптеген суқоймаларында қалқымалы органикалық заттардың ерекше айналымы жүзеге асады, ол су түбінен бетке қарай көпіршіктер ағынымен байланысты көтеріледі. Теңіз суларында ауа көпіршіктері адсорбцияланады және органикалық азот пен көміртектің жартысына жуығын көбікпен бірге тасымалдайды.
Суқоймаларындағы физика-химиялық құбылыстар. Гидробионттардың тіршілік етуіне суқоймаларының физика-химиялық құбылыстарының ерекшеліктері үлкен әсер етеді. Суда пайда болатын қысым, гидродинамика, температура мен жарықтың динамикасы, акустикалық эффектілер, иондаушы радиация деңгейінің ауытқуы, электрлік