ТОП просматриваемых книг сайта:
Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Читать онлайн.Название Жалпы гидробиология
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2166-0
Автор произведения Б. Минсаринова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Сұрақтар:
1. Гидробиология ғылымы және оның салалары мен зерттеу нысандарын сипаттаңыз.
2. Гидробиологияның теориялық міндеттерін түсіндіріңіз.
3. Гидробиологияның қолданбалы міндеттерін түсіндіріңіз.
4. Гидробиология ғылымының қалыптасу тарихын сипаттаңыз.
5. Гидробиология ғылымының Қазақстанда қалыптасу тарихын сипаттаңыз.
6. Оқытушының тапсырмасы бойынша Қазақстанда гидробиология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың жұмыстарымен танысып, реферат дайындаңыз және оны білім алушылар алдында қорғаңыз.
1-бөлім
ГИДРОСФЕРА – ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕКЕНДЕУШІЛЕР
1-тарау
ГИДРОБИОНТТАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫНЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Гидробионттардың тіршілігіне су физика-химиялық дене ретінде үздіксіз әсер етеді, өйткені ол тірі организмдердің қызметінде басты маңызға ие. Бұл организмде жүретін биохимиялық реакциялардың негізгі ортасы әрі протоплазмаға қажетті құрамдас бөлігі. Қоректік заттар организмде, негізінен, су ерітінділері түрінде айналыста болады, тасымалданады, қажетсіз затайналу өнімдері организмнен шығарылады. Яғни су организмдердің физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырып, оларға тірек ретінде қызмет атқарады, оттек және қорекпен қамтамасыз етіп, зат алмасу өнімдерін алып кетеді, гидробионттарды