ТОП просматриваемых книг сайта:
Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Читать онлайн.Название Жалпы гидробиология
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2166-0
Автор произведения Б. Минсаринова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Тыныс алу, өсу және даму процестеріне әсер ететін фактор ретінде температураның экологиялық маңызы өте зор. Температураның қандай да бір шекке дейін көтерілуі барлық процестердің күшеюіне алып келеді. Өзгермелі температура жағдайында гомеостазды қолдап тұру үшін пайдаланылатын биохимиялық жағдайлардың кең жиынтығы басқа бейімделушіліктермен бірлесе отырып гидробионттардың жылы немесе салқын суларда тіршілік етуіне қарамастан, оларға зат алмасуын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Жағалау омыртқасыздарының зат алмасуы температураға тәуелді емес, өйткені олар тәулік ішінде біресе салқындап, біресе жылынады.
Температура төмендегенде зат алмасу деңгейі мен өсу жылдамдығы бәсеңдейді. Қыста зат алмасудың бәсеңдеуі қорек аз кезде гидробионттарды ашығудан сақтайды. Температура өзгеруімен байланысты гидробионттардың биохимиялық құрамында метаболизм сипатында да біршама ауытқулар байқалады. Мысалы, салқын түсуіне байланысты май қышқылдарының арасында моно- және полиқанықпаған майлардың мөлшері артады, ассимиляция процестерінде белоктың маңызы да артады.
Жарық. Фотосинтездеуші өсімдіктер үшін жарықтың экологиялық маңызы өте үлкен. Оның жеткіліксіздігі салдарынан жарық, мысалы, мұхит суларының көптеген шақырым қабаттарында мүлдем болмайды.
Көптеген жануарларға жарық ортаны тану және қозғалудың бағыты үшін қажет. Жарық факторының бақылауымен зоопланктон мен көптеген балықтардың алыс миграциясы жүреді, тәулігіне миллиардтаған тонна тірі организмдер беткі қабаттан жүздеген метр тереңдікке және керісінше орын ауыстырады.
Brachionus rubens коловраткасы үшін көбею формасының алмасуына жарық факторының әсері байқалған. Сонымен қатар Sepia officinalis каракатицаларында да жыныстық жетілу мерзімі мен жұмыртқалау уақыты жарық режимінің алмасуына тәуелді болатыны анықталған.
Гидробионттарға жарықтың күшімен бірге, оның спектрлі құрамы да әсер етеді. Мысалы, Daphnia pulex шаяндарын полярланған жарықпен әсер еткенде олар қарқынды көбейген, бірақ ұрпақтары аздап кішілеу болған.
Көптеген гидробионттарда фототропизм анық байқалады, десе де планктонды организмдерде ол жиі оң, ал бентостарда – теріс болады. Жарықты сүймейтін бентостық организмдердің дернәсілдері көбінесе жарық сүйгіш болып келеді. Осының арқасында олар су қабатында біраз болып, дернәсілдері су ағысымен үлкен қашықтықтарға таралады.
Гидробионттар жарыққа бағытталып, кеңістікте өзіне өте ыңғайлы орын табады. Әсіресе теңіздің планктонды организмдері үшін оның маңызы өте зор, олар үнемі тәуліктік миграция жасайды, түнде судың беткі қабатына көтеріледі, ал күндіз 100-200 м тереңдікке түседі. Бентосты организмдердің вертикалды миграциясында