Скачать книгу

жалғасады, сондықтан оны мұхит ортасы тау жоталарының жүйесі деп атайды. Әлемдік мұхиттың түбінде ең айқын көрініске ие тау жотасы – орталық Атлант жотасы, ол бұл мұхитты теңдей батыс және шығыс бөлімдеріне бөледі.

      Мұхиттың шельф үстінде жатқан аймағы барлық акваторияның шамамен 7,6 %, континенттік беткейі – 15,3 % және табаны – 77,1 % бөліктерін құрайды. Шельф аймағында бенталь 3 аймаққа бөлінеді. Су көтерілу деңгейінен жоғары орналасқан бөлім – супралитораль (supra – жоғары, litus – жаға) – жайылатын және шашырайтын сумен дымқылданатын аймақ. Супралиторалдан төмен литораль (су көтерілу аймағы) жатады (1-сурет).

      Бұл жағалау суының көтерілуі нәтижесінде оқтын-оқтын судың астында қалады, ал судың төмендеуінен судан босатылады. Одан төмен сублитораль жатады – бұл аймақ бентоста фотосинтездейтін өсімдіктердің таралуының төменгі шекарасына дейін созылады.

      Материктік беткейді батиаль (bathus – терең), мұхит табанын абиссаль – (abyssos – түпсіз), бұдан 6-7 км тереңдікте ультраабисаль орналасады.

      Теңіздің су қабатын вертикаль және горизонталь бойынша жеке аймақтарға бөлу қабылданған. Мұхиттың жоғарғы су қабатының 200 м (сублиторалдың төменгі шекарасы) тереңдікке дейінгі қабатын эпипелагиаль, одан терең жатқан (батиальдың төменгі шекарасына дейін) қабатын батипелагиаль деп атайды. одан әрі 6-7км-ге дейін абиссопелагиаль және одан төмен ультраабиссопелагиаль деп аталады.

      1-сурет. Әлемдік мұхиттың бенталы мен пелигиалының экологиялық зоналары (А.С.Константиновтан (1986) алынған)

      Әлемдік мұхит көлденең бағытта материктік қайраңның үстінде жататын жағалық не неретикалық (neretis – жағалау) және батиаль мен абиссаль зоналардың үстінде жатқан мұхиттық деп бөлінеді.

       Мекендеушілердің тіршілік жағдайлары. Әлемдік мұхитты мекендеушілерге әсер етуші көп абиотикалық факторлардың ішінде грунттың және су массасының ерекшеліктері – гидродинамика (су қозғалысы), температура, жарық, тұздылық, газ режимі өте маңызды болады.

      Грунттар. Мұхит түбінің бедері күрделі, ол құрлыққа қарағанда өте анық байқалады. Мұхиттағы грунттар терригенді және пелагиалды болып бөлінеді. Біріншісі құрлықтан жауын-шашынмен, өзендер ағызып әкелген материалдардың ыдырауынан пайда болған. Суда өмір сүретін планктон организмдерінің өлген қалдықтарынан (қаңқалары, бақалшытары) пелагиалды шөгінділері пайда болады. Мұхиттарға жетісімен терригенді тасындылар су ағысының әсерімен ірілігіне қарай тұнады. Жағалауға жақын ең ірі фракциялар (құм, тозаң) және саз балшық (пелит) ағыстардың ықпалымен тереңдіктерге жеткізілуі мүмкін. Терригенді шөгінділер су түбінің барлық бетінің ¼ бөлігіне жуығын құрайды. Мұхит түбінің қалған бөлігін пелагиалды шөгінділер түзейді. Олардың арасында кең тарағаны глобигеринді лайша, бұл лай, негізінен, қарапайымдылардан, фораминофералардың (Globigerina) бақалшықтарынан түзіледі. Мұхит грунттарын түзуге диатомды балдырлар

Скачать книгу