ТОП просматриваемых книг сайта:
Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Читать онлайн.Название Жалпы гидробиология
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2166-0
Автор произведения Б. Минсаринова
Жанр Учебная литература
Издательство КазНУ
Тропикалық аймақ 40° солтүстік және 40° оңтүстік ендікте орналасқан. Бұл зонада температура 26-27ºС-қа көтеріліп, 13-14ºС – қа төмендейді. Температураның маусымдық өзгерісі 3-4 °C-тан аспайды. Бореалды зонаның солтүстік шекарасы 60° солтүстік ендікте жатады, ол жазда судың беткі қабатында мұздардың болуымен анықталады. Температуралық ауытқу 8-12 °C. Ноталдық зонаның оңтүстік шекарасы 50-60° оңтүстік ендікте өтеді. Орташа температура бұл жерде 7-8 °C. Арктикалық, антарктикалық аймақтарда судың температурасы жыл бойы 0 °C жақын, маусымдық өзгеріс 2-3 °C-тан аспайды.
Бұл тербелістер судың беткі қабатынан төмендеген сайын бірте-бірте азая береді және 300-400 м тереңдікте мүлдем жойылады. Тереңде теңіз суының температурасы жыл бойы тұрақты және -1,7º-тан -2ºС-қа дейін ауытқиды.
Жарық. Мұхиттық судың жарықтылығы өте тез азаяды. Жоғарғы қабаттан 100-200 м тереңдікке төмендегенде жарық өсімдіктердің өмір сүруіне жеткілікті болмайды. Географиялық орналасуынан, жылдың маусымынан, күн жарығының суға өтуі судың мөлдірлігіне байланысты. Ол судағы қалқыма организмдер мен олардың өлі қалдықтарының санымен анықталады. Сол себепті мұхит суларының мөлдірлігі планктон аз дамыған жерлерде ең жоғары болады. Мысалы, Саргасс теңізіндегі судың мөлдірлігі 66,5 м, Жерорта теңізінде – 60, Баренц теңізінде – 45, Солтүстік теңізінде – 23, Азов теңізінде – 2,75 мге жетеді. Ал жазда балдырлар көптеп даму кезінде жарық тек 10 см-ге ғана жетеді. Эвотикалық зонаның шекарасы бірнеше ондаған метр тереңдікте орналасады. Мұхиттың ашық аймақтарында жағалау маңымен салыстырғанда мөлдірлілік жоғары. Ашық мұхитта жарық 1-1,6 мың метр тереңдікте күн жарығы көрінбейді.
Тұздылық. Мұхит суындағы еріген тұздардың мөлшері өте тұрақты және 34-35‰ шегінде ауытқып тұрады. Тек беттік қабатта бұл көрсеткіш 2-3‰-ге ауытқиды. Бұл тұщы судың кірісі (өзен ағыны, жауын-шашын, мұздың еруі) мен шығысының (булану, мұз қалыптасу) арасындағы айырмашылыққа байланысты. Ішкі теңіздерде тұздылық мөлшері мұхит суының тұздылығы мөлшерінен өте күшті ерекшеленеді. Мұхит суындағы тұздардың құрамы тұрақты болады. Теңіз суының тұздық құрамы әртүрлі иондардың шоғырлануын көрсетеді, теңіз суында ең көп болатын хлоридтер (88,8 %), сульфаттар (10,8 %) және карбонаттар (0,4 %).
Оттек. Мұхиттың беткі қабатының сулары атмосферамен түйісуіне және өсімдіктердің фотосинтездік қызметі нәтижесін-де қарқынды түрде аэрацияланады. Кейде ішкі теңіздердің түпкі қабатында оттектің аздылығы байқалады не мүлдем болмайды. Өйткені судың вертикаль бағытта араласуы төмен болып бүкіл су қабатын қамтымайды (мысалы, Қара теңіз). Әлемдік мұхиттың поляр зоналарындағы жақсы аэрацияланған сулардың сутүбіне түсуіне қарай тереңдегі қабаттарда оттектің мөлшері әдетте жоғары болады (50-60 % және жоғары). 200-1000 м тереңдікте оттектің мөлшері, әсіресе тропикалық зонада, аздау болады. Бұл тереңдікте оттектің аздығы судың тоқырауымен (судың тереңдік ағыстарының басылуымен және термоклиннің болуымен) және организмдердің