Скачать книгу

ғылыми зерттеулерді жүргізуде.

      Телерадиожурналистиканың табиғатын, жанрлық ерекшеліктерін филология ғылымдарының докторы, профессор Марат Кәрібайұлы Барманқұлов [23], радиохабарлардың алғашқы пайда болу тарихын филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рамазан Сағымбеков [24], екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы радионың рөлін тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев [25] зерттеп, ғылыми тұжырымдар жасады.

      Қазақ радиожурналистикасының қалыптасу кезеңдері зерттеу нәтижесінде Қазақ радиосының жұмыс істей бастағанына бұрынғы деректердегідей 70 жылдық тойланар тұста жетпіс жыл емес екендігін, атап айтсақ 80 жыл болғаны [26] дәлелденді. Қазақ жеріндегі радиостанциялар 1913 жылдан бастап жұмыс істеді делініп келген болатын бұған дейінгі ғалымдар еңбектерінде. Енді деректер нақты уәждермен дәлелденіп, алғашқы радиостанциялардың 1912 жылдан жұмыс істегені де анықталды.Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аязби Ақбергенұлы Бейсенқұлов [27] телерадиодағы компьютерлік технологияның қолданылу ерекшеліктерін анықтап, дәйектеді. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Клара Қабылғазы [28] Ұлы Отан соғысынан кейінгі күйреген халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы Қазақ радиосының қызметін зерттеп, тарихи кезеңге баға берді. Ал тікелей телерадиоэфирдің табиғатын филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жидегүл Әбдіжәділқызы [29] зерделесе, Қазақ радиосының әдеби-драмалық хабарларының пайда болуын, даму сатыларын, табиғатын филология ғылымдарының кандидаты, доцент Орынтай Ошанова [30] және филология ғылымдарының кандидаты Темірғали Көпбаевтар [31] айқындады.

      Қоғам үшін радионың маңыздылығы, оны ғылыми бағамдау өмір талабынан туындады. Радиожурналистиканың бүтін бір әлем екендігін, оның басқа бұқаралық ақпарат құралдарынан өзіндік ерекшеліктерінің мол екендігін дәлелдеу, жанрлық, пішіндік өзгерістерін зерттеу, эфирдегі сөз құдіретінің әсерін, оның пайдаланылу тәсілдерін, бұған дейін жүйеленбеген мәселелерін тек қана радиожурналистиканы зерттеуші ғалымдар тұжырымдайды. Осы тұрғыдан келгенде «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының ұжымы біраз еңбек сіңіргенін мақтанышпен айтуға тұрарлық.

      Қазақстандағы журналистер дайындайтын оқу орындары үшін әдістемелік орталық болып отырған журналистика факультеті қажетті оқулықтарды, оқу құралдарын, типтік бағдарламаларды шығарып, тарату ісінде үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Журналистиканы ғылым ретінде дәріптеуде жүргізіліп отырған ауқымды зерттеу жұмыстарының атқарар жүгі қомақты. Өйткені кез келген қоғамның, мемлекеттің электронды журналистикаға сүйенбеген күні болған емес. Журналистика – өмірдің, қоғамның бейнесі.

      Ал Қазақ радиосы республикадағы бірден-бір ауқымы кең және ұлттық ақпараттық форматтағы радиоарна болып қалыптасқан. Қазақстандағы электронды ақпарат құралдарының ішінде Қазақ радиосы ерекше мәнге ие болып отыр. Ол бірден-бір мемлекеттік арна болып табылады, яғни басты мақсаты ақпараттық

Скачать книгу