ТОП просматриваемых книг сайта:
Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Читать онлайн.Название Телерадиожурналистика
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2164-6
Автор произведения Клара Қабылғазы
Жанр Культурология
Издательство КазНУ
1985-1991 жылдардағы қайта құру мен жариялылық жылдарындағы радио. 1985 жыл бұқаралық ақпарат құралдарының даму кезеңдеріндегі өзгеріске толы жыл болды. М.С. Горбачевтың үкімет басына келуіне байланысты қайта құру саясаты басталды. Қоғамда жариялылық басталып, халық демократияға бетбұрды. Бұл қозғалыс жылдар бойы қалыптасқан тоталитарлық жүйеге қарсылық пен оның идеологиясына наразылықтан туындаған болатын. Бұрынғы бір жүйеге мойынсұнған одақтас мемлекеттер ыдырап, КПСС-тің жойылуына әкеп соқты. Бұл өзгерістер алдымен БАҚ-қа әсер етіп, тек қана социалистік қоғамның сойылын соғатын телерадио және баспасөз еркіндік алуға ұмтылыс жасай бастады. Дегенмен бұл тұста бүкілодақтық радио Компартияның XXVII съезінің шешімдерін насихаттаумен болды. Осы уақытқа сай келген жастар мен студенттердің дүниежүзілік XII фестивалі, стахановтық қозғалыстың 50 жылдығы және Қазан төңкерісінің 70 жылдығы тілге тиек болды.
Журналистерден жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру үшін жұмыс істеулері талап етілді. Жалған ақиқат беру, асыра сілтеу, орынсыз мадақтан гөрі күнделікті, нақты мәселелеріне көңіл бөлу жолға қойыла бастады. Осының әсерінен кейбір радиожанрларға деген сұраныс азайды. Әуе кеңістігінде радиоочерк, радиокомпозиция, радиосуреттеме сияқты жанрлардан гөрі қысқа ақпарат беруге бетбұрыс басталды.
Журналистердің өмір құбылыстарын зерттеуге, сараптама жасауға және әлеуметтік психологияға қызығушылықтары артты. Жаңа радиопішіндер пайда болды. Бағдарламалар ақпараттық-музыкалық, ақпараттық-публицистикалық немесе музыкалық-ақпараттық болып бөлініп, тыңдармандар сұранысын зерттеуге жете көңіл бөлінді. Тікелей