Скачать книгу

Арнайы бөлінген хабар режиссері хабарды тыңдап отырған тыңдарман мағлұматпен қоса эстетикалық ләззат та алуына жол салатын. Сондықтан диктор қызметін мүлдем алып тастамай, көркем хабарларға пайдалану қажеттілігі өмір талабынан қайтадан туындап отыр. Қоғамның рухани өмірі үшін көркем хабарлардың алатын орны ерекше екендігі аян.

      Бағдарлама ауқымдылығы арта түсті, өмірдің қай саласына болмасын радиожурналистердің қалам тартуы өздігінен туындап, қоғамның алуан салалы құбылыстары сөз болып, сан түрлі бағдарламаларга жол ашылды. Журналистік ой-қиялға шек қою жойылған соң, авторлық бағдарламалар көптеп пайда болды. Мысалы, «Бағзыдан жеткен сөз», «Адамның кейбір кездері», «Сырлы әлем», «Адам, ғұмыр, қолтаңба», «Бүгінгі сұхбат», «Жан сарайы», «Денсаулық» сияқты т.б. көптеген хабарлар өз тұрақты тыңдармандарын тауып алған хабарлар болатын.

      Сараптамалық бағдарламалардың кейбір тәсілдері игерілді. Апталық авторлық бағдарламаларға тыңдармандар үйреніп, әуе толқынынан іздеп, сұраныс арта түсті. Әрине, сұраныс артқан сайын каналдардың рейтингі арта бастады. «Өзекті мәселе», «Баспасөзге шолу», «Үкімет арнасы», «Алуан пікір. Тұжырым», т.б. көптеген хабарлар айтары айқын, берер мағлұматы мол дүниелерге айналды. Осы тәрізді журналистік шеберлік мектептерінің озық үлгілері, қайталанбас өмір өрнектері Қазақ радиосының жүз жылға жуық тайқазанында қалыптасты.

      1991-2005 жылдардағы жаңа кезең радиосы. Бұл кезеңде мемлекеттік радиолар саны азайып, керісінше форматты радиолар саны көбейді. Бәсекелес радиолар арасында тыңдармандар аудиториясын көбейту үшін тартыс басталды. Адамдардың назарын аудару мақсатында небір айла-тәсілдер жүзеге асырылды. Сол себептен де радиожурналистиканың жаңа пішіндері пайда болды. Форматты-коммерциялық арналардың саны Ресейде 1993 жылы 27 болса, 1994 жылы 33-ке көтерілді. Бір жылғы көрсеткіштің айтарлықтай болуының өзі радионың қоғамдағы рөлінің аса түскендігін көрсетеді. «Еуропа Қазақстан», «Русское радио», «Авторадио», т.б. арналар қанатын кеңге жайып, дүниежүзіне таралды. Радио тыңдаудан соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша жер шарында Америка Құрама Штаттары алда тұрған көрінеді. Олардың халқының 56 пайызы ақпаратты тек радиодан алады. Жан басына шаққанда күніне әр адам 3 сағат 20 минуттан тыңдайды екен. Әрине, радионың ақпарат таратудағы мүмкіншілігі басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда жоғары. Әрі тыңдарман болған оқиға жайлы айқын пікірді радиожурналист аузынан естігісі келеді. Деректі оқып барып түйіндегеннен гөрі тыңдағанның әсері күштірек екені тәжірибеде дәлелденген.

      Дүниежүзінде көптеген «оқиғалы орындарда» болып жатқан оқиғалардың аудиторияға нақты, шын, бояусыз, әсірелеусіз жеткізілуі талап етілді. Өйткені жалған ақпарат берушілер көбейді. Халық өз талғамына қажетті жайларды ғана тыңдауға мәжбүр болды. Ал бәсекелестік жағдайындағы радиолар өз рейтингтерін тек боямасыз, бірінен-бірі асырып баяндау арқылы жинай алатындығы белгілі. Аудиторияны

Скачать книгу