Скачать книгу

репортаж ұйымдастырылған. Дүкен директорының, сатушылардың сөздері, балалардың дауыстары, тілек-сұраныс қабылдауға қойылған телефон шырылы, т.б. репортажға қатысты детальдардың әсерінен тыңдаушы көз алдына өзіндік сурет келеді.

      1947 жылы радио рөлінің күрт күшейген жылы болды. Халыққа ақпарат таратуда, саяси тәрбие беруде, елдің мәдени деңгейін арттыруда беделі арта түсті. Жаңа радио циклдар – «Біздің Отан», «Күн тақырыбында», «Ғылым мен техника жаңалықтары», т.б. пайда болды. Осы тұстағы радиохабарларында негізінде газет материалдары көп пайдаланылғанымен, озаттар тәжірибелері туралы ұйымдастырылған, басқа тыңдармандар атымен эфирге шыққан материалдарды көптеп кездестіруге болады. Ал ол хабарларды дайындаған радиожурналистер екендігі жинақы айтылған ой-пікірлерден, нақты түйіндерден көрініп отырды. Мысалы, ЛКСМ Орталық Комитетінің қызметкері Құрмановтың «Жазғы спорт маусымын ұйымшылдықпен қарсы алайық», трактор бригадасының бригадирі Таутановтың «Біз техниканың жоғары өнімділігіне қалай жетіп отырмыз?» [14], жетісулық қызылшашы Б. Тәтенованың «Қант қызылшасынан мол өнім алудың тәжірибесі жөнінде» [15], Ермековтің «Ғылыми еңбектердің жоғары идеялығын жақсартайық» [16] деген сияқты көптеген тақырыптар дәлел бола алады. Сонымен, «насихатшылық әдістердің бір сарындылығы, олардың ұрандық, мінберлік сипаты білініп тұрды. Мұндай жағдайда ақпараттың негізгі шындығынан гөрі идея басым болатын. Ал шындық соның бағынышында болып, қосалқы сипат алатын және айғаққа айналатын» деген пікір («Қазақ радиожурналистикасы») [17] сол жылдар хабарларының анықтамасы бола алады.

      «… Шаруаға агрономиялық кеңестер, өсімдік шаруашылығы, ара өсіру, ауыспалы алқап, тыңайтқыштар пайдалану жөнінде хабар берілді. «Шаруа радиогазеті» ауыл шаруашылығын жақсартуға, оның табыстылығын арттыруға байланысты көптеген мәселелер жайында хабар дайындады». Міне, осы «Шаруа радиогазетінің» лайықты жалғасы болып келген ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арналған хабарлардың халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту ісіне зор үлес қосқаны тарихи шындық.

      «В своей организаторской деятельности печать, радио и телевидение использовали многочисленные формы, методы работы, в творческой – обращались к различным жанрам» [18], –деп сол тұстағы журналистика жайлы айтқан тарихшы ғалым Р.П. Овсепян пікірі осы ретте айқындала түскендей. Зерттеліп отырған тұста радиохабарлардың жиі қолданылған формаларының бірі – радиомақала. Оның себебі үстемдік етуші идеологияны халық жадына тереңірек сіңіру үшін әртүрлі саяси, қоғамдық тақырыптар осы мақалаларда қозғалды. «Радиомақала радиода көбінесе коғамдық-саяси және ғылыми-техникалық мәселелерге арналады. Оның көлемі әдетте газеттегіден кішірек болады» [19], – делінген журналист анықтамалығында. Көлемінің кіші болуы, әрине, радионың спецификасына байланысты.

      Республикамызда болып жатқан қоғамдық-саяси, мәдени- рухани, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің үрдіс алуы коммунистік идеологияның

Скачать книгу