ТОП просматриваемых книг сайта:
Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Читать онлайн.Название Телерадиожурналистика
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2164-6
Автор произведения Клара Қабылғазы
Жанр Культурология
Издательство КазНУ
«Қазақ АССР Халық комиссарлар Кеңесінің 1921 жылғы 29 қыркүйектегі шешімінің республикалық радионың дүниеге келуіне тікелей әсері болды. Онда Орынбордағы радиостанция арқылы күн сайын 1600 сөзден тұратын өздері дайындаған радиобюллетеньді республикаға таратуға құқық берілді. Бұл республика әуе толқыны арқылы көпшілікке арналып берілген алғашқы радиохабарлары еді», – деп түсініктеме берілген Қазақ радиосының 80 жылдығына арналған «Әуе толқынында – Қазақ радиосы» [5] деген еңбекте. Бұл тұжырымды филология ғылымдарының докторы, профессор Н.О. Омашев мұрағаттық құжаттар арқылы дәлелдеп, Қазақ радиосының қызмет еткен уақыты 1931 жылдан емес, 1921 жылдан басталғанын дәлелдеген болатын. Міне, ғылыми жүйеленген, тиянақты зерттеу қорытындысы бойынша айтылған осы пікір Қазақ радиожурналистикасының тарихи бастау алған күнін белгілейді.
Қазақ халқының мәдениетін, тілін, дінін, тарихын, т.б. ұлттық нышандарын дәстүрлі түрде ғасырдан-ғасырға жетелеп отырған радиожурналистика бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы ретінде қалыптасты. Журналистиканың басқа да түрлері сияқты радионың қалыптасу кезеңдері тарихта өз ізін қалдырды. Тәуелсіздік алған тұсқа дейінгі қоғамдық дамуымыз алып империялардың бірі Ресеймен байланысты болғандықтан әрі радионың отаны да сол мемлекет екендігі де ескеріліп, қазақ радиожурналистикасының даму кезендері сәйкестендіріле зерттелуде. Ресейлік ғалымдардың тұжырымдарын сараптай отырып, радио тарихын төмендегідей кезеңдерге бөліп қарастырамыз:
1. Радиобағдарламалардың қалыптасу кезеңі. 1921-1927 жылдар.
2. Тоталитарлық мемлекет радиосы. 1927-1941 жылдар.
3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік радио. 1941-1945 жылдар.
4. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы радио. 1946-1950 жылдар.
5. Тоталитарлық мемлекет және әлеуметтік тоқырау дәуірі. 1950-1985 жылдар.
6. Қайта құру және жариялылық радиосы. 1985-1991 жылдар.
7. Нарық кезеңіндегі радио. 1991-2005 жылдар.
8. Тәуелсіз мемлекет радиосы 2005-2015 жылдар.
Қазақ радиожурналистикасының пайда болуы, дамуы, нақты қызмет көрсетуі, хабарлар таратуы тікелей РОСТА-ның жұмысымен байланысты өрбіді. Патшалық Ресей саясатының ықпалымен қазақ даласында ТүрікРОСТА-ның құрылуы үлкен жаңалық болды. ТүрікРОСТА-ның міндеттері мен атқарған қызметі жөнінде зерттеу деректері келесідей: Түркістан телеграф агенттігі алғашында ақпараттық хабарларды түр-түрге бөлген жоқ. Олар негізінен орталықтан түскен және жергілікті ақпарат болып шартты түрде екіге бөлінді.
Орталықтан алынған ақпарат елімізде болып жатқан саяси жаңалықтар, совет үкіметінің директивалары жөнінде түсінік берді. «…Түрік РОСТА репортерлері