ТОП просматриваемых книг сайта:
Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Читать онлайн.Название Телерадиожурналистика
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2164-6
Автор произведения Клара Қабылғазы
Жанр Культурология
Издательство КазНУ
Адам даусының ырғақтарын, үн реңдерін қағазға түсіру мүмкін емес. Қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші қасиеті – үннен жанды дауыстан айырылады, сол арқылы оның мазмұны да кемиді. Сондықтан да радиохабарларының естілу арқылы жасайтын әсері басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда басымырақ. Дыбыстың таралуына қарай түрлі өлшемдерге жіктеуге болады. Мысалы, адам сөйлеп тұрған кезде шығатын дыбыс 50 дб-ден асса, онда қаттырақ сөйлегені 60 дб немесе 100 д. деп естілуін есептеуге болады. Децибел (дб) – дыбыстың естілуін, таралуын есептейтін бірлік. Аса жақсы акустикалық жарақтандырылған бөлмеде дыбыстың естілу шамасы 0 дб, ал тыныш бөлмеде 30 дб болады. Радио үйінде хабар жасалатын бөлмелер арнайы акустикалық жабдықталған. Естілуі 10 дб-ге тең. Уақыт өтуімен ілесе кеңістікке таралатын тербелістер толқын деп аталады. Дыбыс таралған кезде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне толқын арқылы жетеді. Бүкіл толқын атаулының негізгі қасиеті – олардың физикалық денені тасымалдамай, энергияны тасымалдауы. Біртекті ортада толқындар жарық сәулелер тәрізді түзу сызық бойымен таратылады. Бұлай таралу еркін таралу деп аталынады да, тек ғарышта ғана пайдаланылады. Жер бетіндегі толқындардың таралу сипаты «еркін таралудан» өзгеше болады. Демек, жердегі толқындар «жағалай» таратылады. Биіктеген сайын атмосферада сыну көрсеткіші артады да, рефракция (дыбыс сәулелерінің қиысуы) құбылысы салдарынан радиосәуле жерге қарай ойысады. Ауада таралатын толқындар қума толқын болып табылады. Ауаның дыбыс өткізгіш екенін 1660 жылы ғалым Р. Боиль тәжірибе жасап, дәлелдеген. Ауаның дыбыс өткізу қасиетіне арналған қарапайым тәжірибе: егер электр қоңырауы орнатылған шыны қораптың ішіндегі ауа шығарылып тасталса, онда қоңыраудың дыбысы естілмейді, өйткені өткізгіш ауа жоқ. Егер ауа қайтадан толтырылса, онда қоңырау шылдыры естіледі. Дыбыс сұйық ортада да,қатты ортада да тарала алады. Мысалы,су астындағы адам кеменің есу тетіктерінің дыбысын, тастың тасқа соғылған дыбысын жақсы ести алады. Дыбыс туралы екі ұғым бар: бірі –қоршаған ортада, ауада, суда, т.б. жағдайда жан-жаққа бірқалыпты толқын тәріздес тарайтын тербелістен туатын физикалық құбылыс. Ал екіншісі – есту органдарына дыбыс толқындары арқылы пайда болатын ерекше сезім. Дыбыс табиғатының осындай екіжақты қасиетіне байланысты музыкалық немесе музыкалық емес, естілетін яки естілмейтін, тіпті көрінетін не болмаса көрінбейтін дыбыс деп бөле қарауға болады. Дыбыстың туу табиғаты, таралу жолдары, белгілі бір дененің тербеліс қозғалысына келуінен дыбыс туатындығы және оның толқын түрінде тарайтыны тәжірибеде дәлелденген.