ТОП просматриваемых книг сайта:
Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
Читать онлайн.Название Телерадиожурналистика
Год выпуска 2017
isbn 978-601-04-2164-6
Автор произведения Клара Қабылғазы
Жанр Культурология
Издательство КазНУ
Әдебиеттер
Негізгі:
1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төртінші Еуразиялық Медиа Форумда сөйлеген сөзі.
2. Радиожурналистика: учебник / под ред. А.А. Шереля. – 2-е изд. – М., 2002.
3. Цвик В. Журналист с микрофоном. – М., 2000.
4. Қабылғазина К. Хабар технологиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.
Қосымша:
1. Ниссбетт А. Звуковая студия. – М., 1989.
2. Ниссбетт А. Применение микрофонов. – М., 1981.
3. Энциклопедический словарь юного техника. – М., 1997.
4. Справочник по радиовещанию / А. Выходецтің жетекшілігімен. – М., 1981. Телерадиожурналистика: теория, тәжірибе, түйін.
5. Рытин Э.А. Техника и методика электронных средств журналистики. – М., 1994.
6. Тхагушев Г.Н. Радиоаудитория и ее изучение. Основы радиожурналистики. – М., 1994.
7. Зарва М.В. Произношение в радио и телевизионной речи. – М., 1976.
Түйін сөздер:
1. Телерадиожурналист оқиға ортасында жүріп, көрген-білгенін тікелей эфирге шығып, баяндай алады.
2. Соңғы жылдары кең қолданысқа ие болған технологиялар радионың мүмкіндігін арттыра алды.
Пікірталас тудыратын сұрақтар:
1. Тек радиотілші төтенше жағдайлар болсын, спорт жарыстары болсын, ақпаратын жеткізу мақсатында орталық студия арқылы байланысқа қосылып, тікелей эфирде жұмыс істей алады, ал тележурналисте мұндай мүмкіндік болмайды.
2. Радио ақпарат таратуды аз шығынмен тікелей эфир жағдайында жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Демек, ақпаратты тұтынушысына жеткізу жеделдігі жағынан телевизия да, интернет те радионың алдына шыға алмайды.
СОӨЖ тақырыптары:
1. Телерадиожурналистикада техниканың қолданылу тәсілдеріне тәжірибелік салыстырмалық мысалдар келтіру.
2. Телерадиодағы мораль тақырыбының насихатталуы.
3. Қазақ телерадиосының мәдени хабарларына шолу.
4. Телерадиохабарларындағы сөздің рөлін мысалдармен салыстыра сипаттау.
5. Теледиохабарларындағы музыканың рөлін мысалдармен сипаттау.
6. Қазақ радиосындағы тарихи хабарларды топтастыру, мысалдармен сипаттау.
Бақылау сұрақтары:
1. Электронды БАҚ-тың қоғамдағы негізгі міндеттерін сараптаңыз.
2. Радиожурналистиканың даму кезеңдеріне тоқталыңыз.
3. Электронды БАҚ-тың ғылым ретінде зерттелу деңгейін cаралаңыз.
ДЫБЫС ЖАЗУ – ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ
Жоспар:
1. Дыбыстың қаттылығы.
2. Қаттылық бірлігі – децибел.
3. Дыбыс жылдамдығы.
Адамзат дыбыстар әлемінде, түрлі дыбыстардың ортасында болады. Адам өміріне дыбыстың етене еніп кеткендігі соншалықты сағаттың тықылы, машинаның гүрілі, т.б. сияқты айналадағы