Скачать книгу

өздігінен тазару және өздігінен қалпына келу сияқты табиғи қасиеттерін жоғалтқан. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап алға басуы адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта-табиғатқа орны толмас орасан зор зиян да тигізіп келеді. Осы тұста Бэконның: «Адам табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек», – деген сөзін еске алсақ болады. Біздер осы қағиданы есте сақтамағандықтан қазіргі таңда табиғатты қорғау мен экологиялық қауіпсіздік мәселелері ұлттық дәрежеден көтеріліп, бүкіл дүниежүзілік аса маңызды проблемаға айналып отыр. Әлі де болса адамзаттың экологиялық зияны ескерілмей, бірыңғай қоршаған ортаны қорғау шаралары оң бағытта дамымай отыр. Жалпы санамызда табиғат байлығын ешқашан таусылмайтын, шексіз жатқан мол дүние деп бағалаудың басым болғандығынан оны экстенсивті түрде игерумен келе жатқанымыз бәрімізге белгілі. Осыған орай, Республикамыздың реформа жағдайында әлеуметтік-экономикасының қайта құрылу процесінің одан әрі жүзеге асырылуы экологиялық проблемаларды талдау мен бағалауды, қоршаған орта проблемаларын зерттеуді талап етеді, яғни осы проблемалар оның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Экономикалық әлует сипаты, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы нақтылы шешімдер қабылдау, көптеген экологиялық және экономикалық процестерді болжау үшін негіз болды.

      Сұрақтар:

      1. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы деген не?

      2. Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен міндеті неде?

      3. Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасын іске асырудың негізгі стратегиялық бағыттары неде?

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңында не айтылған?

      5. Қауіпсіздіктің объектілері мен субъектілері туралы не айтасыз?

      6. Қазақстан республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы не айтасыз?

      7. Тұжырымдаманың міндеттері неде?

      8. «Жасыл даму» деген не?

      9. «Жасыл даму» бағдарламасы деген не?

      10. «Жасыл даму» бағдарламасының мәселесі деген не?

2-3 Семинар сабағы

      2-3.Тақырып «Экономикалық қауіпсіздік пен экологиялық қауіпсіздікті сақтандыру маңызы»

      Сабақтың мақсаты – Экологиялық қауіпсіздікті және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсаты. Экологиялық-экономикалық талдаудың әдістері,міндеті. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттіліктің қалыптасуымен, қоғамның экономикалық мүдделерін сезінуі.

      Негізгі сұрақтар

      1. Экономикалық-Экологиялық қауіпсіздік түсінігі

      2. Экологиялық-экономикалықтың қауіпсіздіктің міндеті мен мақсаты

      3. Экологиялық-экономикалықтың қауіпсіздіктің деңгейлері

      Методикалық ұсыныстар Экономикалық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің

Скачать книгу