Скачать книгу

жайт жақсы аңғартады: жақында ғана Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі болған Нұрлан Әбділдаұлы Исқақовтың мәлімдеуінше, Қауіпсіздік Кеңесінің күздегі отырысының күн тәртібіне экология мәселесі шығарылмақ. Таяуда елді елең еткізерлік тағы бір жаңалық естідік: «Биыл біз тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш «экологиялық атласын» жасауды аяқтап оны басып шығарды. Бұған дейін мемлекет сонау 1983 жылғы мәліметтерге құрылған Қазақ ССР-нің атласын пайдаланып келген болатын». Осылайша, жыл соңында әр қазақстандық көсілген кең-байтақ қазақ даласының өзі тұратын атырабында экологиялық ахуал дәл қазір қандай деңгейде екендігін, сондай-ақ Қазақстанның қай аймақтары тіршілік етуге мейлінше қолайлы болатындығын нақты біле алады.

      Нұрлан Исқақов бұдан былай экологиялық талаптар жоғарылайтынын нықтайды. Мысалға, егер өзен-көл тазаланатын болса, түпкі нәтиже – сондағы су сапасын «таза ауыз су» дәрежесіне жеткізу болмақ. «Біз өзендерді таза ауыз су сапасына дейін тазартуға тиіспіз, – дейді қоршаған ортаны қорғау министрі. – Мысалға, қазір Нұра өзенін улы сынаптан арылту жобасы даярлануда, соған қатысқан жапондық делегация озық дамыған Еуропа елдерінде дәл осы мақсатты көрсеткіш нысанға алынатынын мәлім етті. Ол нақты айқындалған, осыған біз ұмтылатын боламыз, осыны біз инвестициялық қаржымен қамтимыз». Әйткенмен, Қазақ жерінің табиғатын бір демде жаппай түлетіп жіберуге ел қазынасының қауқары әзірге жетпесі анық. Оған, тіпті дәулетті елдер де батылы жетіп, бара алмауда. Сондықтан Қазақстан Германияның тәжірибесін әжетке жаратпақ. – Германияда «таза зоналар» әдісі қолданылады, – деп баяндайды Нұрлан Әбділдаұлы. – Мысалға, Рейн кезінде әлемдегі ең лас өзендердің бірі болғанын білесіздер, қазір ол әлемдегі ең таза өзенге айналды. Немістер алдымен өзеннің флора және фаунаның тіршілік кешуі үшін қолайлы, ең таза бөліктерін таңдап алған және сол тұстардан тазалықты ақырын-ақырын өзеннің бүкіл бойына жайған. Қазір біздің осы бағытта жоспарлаған қадамдарымыз бар.

      «Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму жағдайында экономикалық қауіпсіздікпен қатар экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың маңызы ерекше. Егер экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан қарасақ, Қазақстанның дамуында төмендегідей экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады:

      – табиғи ресурстарды біржақты пайдалана отырып, шикізаттарды есепсіз, орасан зор көлемде шығару және сату, тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын өңдеу жүйесінің жоқтығына қарамастан, ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлердің тозғанын айналымнан шығарып тастап, тек қана жаңа жерлерді игеру арқылы экономиканы экстенсивті өркендету;

      – экологиялық жүйеге үнемі кері әсер ететін табиғи өндіріс орындарын пайдалануға басымдық беру арқылы халық шаруашылығының құрылымын өзгерістерге ұшырату;

      – экономиканы милитаризациялау;

      – техникалық жүйенің осалдығы және экологиялық қауіп-қатері

Скачать книгу